81
тератогендік (гр. teratos- кемтар)
әсерлері жақсы
зерттелген. Ол дәрілердің әсерлерінен ұрықтың пішін
қалыптастыруы бұзылуымен байланысты болады және тұтас
ұрықтың немесе оның жекелеген ағзалары мен тіндерінің
даму ақаулары пайда болуымен көрінеді. Дәрілердің
тератогендік әсері ең
алғаш көңіл қобалжуын басатын,
ұйықтатын дәрі талидамидті жүкті әйелдер қабылдаудан
бірнеше мың балалар ұрық даму ақауларымен туылғанда бірақ
белгілі болды. Содан 1961 жылдан бастап барлық жаңадан
шығарылған
дәрілер
осы
әсеріне
міндетті
түрде
тексеріледі.
Дәрілердің тератогендік әсеріне эмбрионның тез өсіп-
өнетін жасушалары, әсіресе орталық жүйке жүйесінің
жасушалары, өте
сезімтал болады.
Баланың ақыл-есі
дамуының ауытқулары нейрондарда ДНК, РНК, нәруыз түзілуі
бұзылыстарына әкелетін рибосомалардың, АТФ түзіліне
жауапты митохондрийлардың бүліністерінен дамиды.
Ұрыққа тератогендік әсердің түрлері:
● дәрінің химиялық құрамына;
● оның бала жолдасы арқылы өткен мөлшеріне;
●
ұрық даму кезеңіне;
●
бұл
дәріге
ұрық
ағзалары
мен
тіндерінің
сезімталдығына - байланысты болады.
Ұрық дамуына теріс әсер ететін дәрілерге: өспелерді,
қояншық ұстамаларын емдейтін дәрілер, барбитураттар,
гормондар, антибиотиктер, құрттады жоятын дәрілер т.б.
жатады. Оларды: ұрықты тікелей бүліндіретін (уытты әсер
ететін) және салдарлық немесе гормондар мен витаминдердің
алмасуын бұзып, артынан әсер ететін –
деп екі топқа
ажыратады. Біріншілеріне талидомид, сынаптың органикалық
қоспалары, тетрациклин, стрептомицин жатады. Екінші топқа
тератогендік әсер ету мүмкіндігі бар заттар: циклофосфан,
тиофосфамид,
допан,
миелосан,
левомицетин
т.с.с
алкилдейтін заттар, варфариннің натрий тұзы, қояншықты
емдейтін
дәрілер,
қантты
диабетті
емдейтін
сульфаниламидтер,
кортикостероидтар, туберкулезге қарсы
дәрілер, хинин, салицилаттар жатады.
Дәрілер іштегі бала жолдасы арқылы енжар түрде жайылып
немесе
белсенді
түрде
тасымалданып
ұрыққа
өтеді.
Тератогендік
әсерден
дамитын
ауытқулардың
түрлері
организмдегі дәрінің алмасу ерекшеліктеріне байланысты
болады. Өспелерге қарсы дәрілер жасушалардың өсіп-өнуін
тежеу арқылы тератогендік әсер етеді.
Аминоптерин мен
метотрексат ұрық организмінде фолий қышқылы алмасуын
бұзып, баланың бет аумағының ауытқуларына әкеледі.
82
Андрогендер, эстрогендер және антитиреоидтық дәрілер
ұрықта
гормондық
бұзылыстар
туындатады.
Мәселен,
андрогендерді қабылдау іштегі қыз баланың еркек пішінін
қабылдауын,
хромосомалардың
ауытқуларын
дамытады,
кортикостероидтар ұрықта бүйрек үсті бездерінің дамуын
әлсіретеді.
Селкілдекке
қарсы
дәрілерді
(фенобарбитал,
триметадион, диметилгидантоин т.б.) қабылдаған жүкті
әйелдерден
жырық
таңдаймен,
жүрек
ақауларымен,
қыликөздікпен, ішек-қарын және жыныс-несеп жүйелерінің
т.б.ақауларымен туылатын балалар жиі кездеседі.
Кейбір дәрілер ұрықтың ағзалары мен мүшелері
дамуына
әсер етпей, оған уытты әсер етуі мүмкін. Ондай әсер
тератогендік
делінбей
уытты
әсер
делінеді.
Олар
жүктіліктің бастапқы 12-аптасында болса
Достарыңызбен бөлісу: