Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жалған аллергиялық серпілістердің гистаминдік тетігі



Pdf көрінісі
бет62/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жалған аллергиялық серпілістердің гистаминдік тетігі. 
Биологиялық сұйықтарда бос гистаминнің деңгейі көбейіп 
кетеді. Ол нысана жасушалардың Н

– және Н


рецепторлары (қабылдағыштары) арқылы бүліндіргіш әсер 
етеді. Н

– қабылдағыштары кеңірдекшелердің тегіс салалы 
еттерінде 
және 
қан 
тамырларында 
болады. 
Н

– 
қабылдағыштары асқазанның шырышты қабығының іргелік 
жасушаларында 
кездеседі. 
Гистаминдік 
қабылдағыштар 
лимфоциттерде, лаброциттерде, базофильдерде, венулалардың 
эндотелий 
жасушаларында 
т.б. 
болады. 
Гистамин 
кеңірдекшелердің қатты жиырылуын, тері венулаларының 
кеңеюін 
және 
олардың 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
көтерілуін туындатады. Содан бронхоспазм, терінің қызаруы 
және 
ісінуі, 
артериялық 
қысым 
төмендеуі 
сияқты 
әйгіленімдер байқалады. 
Жалған аллергия кезінде гистаминнің көбеюі мына 
жағдайларда болуы мүмкін: 
● дәрілердің лаброциттер мен базофильдерге тікелей 
әсер етуінен олардың түйіршіктері сыртына шығарылудан 
немесе бұл жасушалардың қабылдағыштары әсерленіп кетуден 


78
гистамин босап шығуы байқалады; 
● 
гистаминді 
бейтараптайтын 
тетіктердің 
жеткіліксіздігі кезінде. Организмде оны бейтараптайтын 
бірнеше тетіктер бар. Диаминоксидаза, моноаминоксидаза 
т.б. ферменттер гистаминді тотықтырады. Сонымен бірге қан 
сұйығы 
нәруыздарымен 
және 
гликопротеидтермен 
ол 
байланыстырылып, әсерсіздендіріледі. Осындай көптеген 
гистаминді әсерсіздендіру жолдарының жеткіліксіздігінде 
ол организмде жиналып қалады; 
● тағамдық заттармен ( ысталған шұжық, балық 
консервілері, шоколад т.с.с.) гистамин организмге көптеп 
түскенде; 
● амин қышқылдарынан карбоксил тобын ажыратып алатын 
ішек бактериялары көбейіп кетуімен байқалатын дәрілердің 
әсерлерінен дамитын дисбактериоз кезінде гистидиннен 
гистамин түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет