79
лейкотриендер А
4
, В
4
, С
4
, Д
4
, Е
4
түзіледі. Бұлар қабыну,
ісіну, бронхоспазм дамуына, жүрек қызметі бұзылыстарына
әкеледі. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді
қабылдау арахидон қышқылының бұзылыстарын туындатады. Бұл
кезде:
● циклоксигеназа ферментінің тежелуінен простагландин
Е түзілуі азаяды
● дәрілер липоксигеназа ферментінің белсенділігін
арттырудан лейкотриендер түзілуі көтеріледі. Мәселен,
аналгетиктер циклоксигеназаның белсенділігін азайтып,
лейкотриендердің өндірілуін көбейтеді. Лейкотриендер ұзақ
мерзімді бронхоспазмға әкеледі.
Жалған аллергиялар жүйелік және жергілікті қанайналым
бұзылыстарымен, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі
көтерілуімен, кеңірдекшелердің, ішектердің тегіс салалы
еттерінің
жиырылуымен,
жүйкелік
қабылдағыштардың
тітіркенулерімен,
қабыну
дамуымен,
жасушалардың
бүліністерімен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: