90
шектелуі т.б. әлеуметтік ықпалдар биологиялық ықпалдардың
әсерлере елеулі өзгерістер енгізеді.
Сонымен биологиялық
және әлеуметтік ықпалдар өзара тығыз байланысты және
бірінің өзгеруі міндетті түрде екіншісінің өзгеруіне
әкелуі ықтимал.
Аурудың патогенезі негізінде емдеу жолдары.
Дерт дамуында себеп-салдарлық арақатынасты ескеріп,
патогенездің
көптеген
тізбектерінің
ішінен
негізгі
тізбегін үзу
арқылы
емдеуді патогенездік терапия
дейді.
Мәселен, аурудың негізінде қабыну жатса, осы қабынуды
емдеу қажет. Аурудың
дамуы микроциркуляцияның, зат
алмасудың, қышқылдык-сілтілік үйлесімділіктің, иммундық
жүйенің,
жүйкелік,
эндокриндік
реттелулердің
бұзылыстарының немесе гипоксияның негізінде болса, емдік
шаралар соларға қарсы бағытталады.
Көптеген аурулардың
негізінде жасушалардың қабықтарында май қышқылдарының
асқын
тотығуы,
фосфолипаза
ферменттерінің
артык,
әсерленуі, иммундық үрдістердің артып кетуі жатады. Сол
себептен
бұл
аурулар
кездерінде
антиоксиданттар,
фосфолипазаның
тежегіштері,
иммундық
модуляторлар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: