92
ауру туындататын әсерлерге байланысты дене қызымы қатты
көтеріледі,
қабыну қарқынды болып, қабынулық сіңбенің
тосқауылдық қызметі ұлғаяды,
фагоцитоз және антиденелер
өндірілуі артады, жараның бітуі тездейді.
Гипергия
- организм реактивтілігінің төмендеуі; бұл
кезде
қабыну
сылбыр
өтеді,
дене
қызымы
қатты
көтерілмейді, жараның бітуі баяулайды.
Анергия -
реактивтіліктің мүлде болмауы; Ол шала туған
нөрестелер мен қарт адамдарда байқалады.
Сонымен бірге,
кейбір
адамдар
өздері
ауырмай
микробтардың
тасымалдаушылары болады. Терең кома, сілейме (шок),
наркоз жағдайларында организм ешбір қоздырғышқа жауап
қайтармайды.
Дизергия -
оның
қалыптан тыс, бұрмаланып сапалы
өзгеруі. Оған мысал ретінде: тербелістік (вибрациялық)
ауру кезінде температуралық әсерлерге қан тамырларының
реакциялары
қалыптан тыс бұрмаланып, ыстыққа тарылып,
суыққа кеңеюін келтіруге болады. Кекселену (климакс)
кезінде, дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің қызметтері
бұзылудан, болымсыз жағдайлардан жүрек қағуы, қан
тамырларының суық температураға кеңеюі,
бұрқ етіп тер
шығуы байқалады.
Реактивтілік төзімділік (резистенттік) деген ұғымга
жақын тұрады.
Төзімділік немесе резистенттік (лат.
геsіstео - қарсы тұру) - ауру туындататын ықпалдарға
организмнің
тұрақтылығы
.
Төзімділік
арнайыланған
(спецификалық) және бейнақты (бейспецификалық),
олар өз
алдына ұрпақтан-ұрпаққа көшетін туа біткен және жүре
пайда болған болып бөлінеді. Соңғылары өз алдына белсенді
және енжар болып ажыратылады (- сызбанұсқа).
Достарыңызбен бөлісу: