94
күйдіріп емдеу т.с.с.) қолдану кездерінде байқалады.
Сонымен реактивтілік организмнің төзімділігі емес, ол
төзімділіктің белсенді түрімен жақын келетін түсінік. Кей
жағдайларда реактивтілік төмен болғанда төзімділік жоғары
болуы мүмкін. Мәселен, жануарлардың қысқы ұйқысы кезінде
орталық жүйке жүйесі тежелген, зат алмасу үрдістері
азайған,
дене
қызымы
төмендеген,
осының
бәрі
реактивтіліктің төмендегенін көрсетеді. Ал, бұл кезде
оттегі жетіспеуіне, жұқпаларға, уыттарға организмнің
төзімділігі жоғары болады.
Реактивтілікті түрлік, топтық, даралық деп ажыратады
Түрлік реактивтілік.
Түрлік реактивтіліктің мысалы
ретінде кейбір жануарлардың қыс мезгілінде ұйқыға жатуын,
құстар мен балықтардың жыл маусымына қарай
орын ауыстыруларын т.с.с. келтіруге болады. Бұл
реактивтілік жануарлардың жалпы түрін және жеке бастарын
сақтап қалуға, олардың жаңа ұрпақтарын жалғастыруға
бағытталған.
Сонымен бірге адам жануарлардың
кейбір жұқпалы дерттерімен ауырмайды. Мәселен, адам ірі
қара малдың немесе иттердің обасымен ауырмайды, осыған
сәйкес
құстар
қалыпты
жағдайда
күйдіргі
ауруымен
ауырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: