95
болса, кейбір адамдардың араққа тез құнығып кетуі
байқалады.
Кейбір
сау
адамдардың
арасында
олардың
эритроциттерінде
ферменттердің
жеткіліксіздігі
нәтижесінде көптеген дәрілерге (амидопирин, аспирин т.
б.) гемолиз тез дамиды. Кейбір адамдарға хлороформ
бергенде жүрек қарыншаларының жыпылық аритмиясы дамып,
олар тез жан тапсыруы мүмкін. Хлороформ жүрек етінің
катехоламиндерге сезімталдығын көтереді.
Даралық реактивтілік арнайыланған (спецификалық) және
бейнақты
(бейспецификалық)
болып,
олар
өз
алдына
физиологиялық, патологиялық болып бөлінеді. Физиологиялық
арнайыланған даралық реактивтілікке иммунитет жатса,
патологиялық түріне аллергия мен иммундық тапшылықты
жағдайлар жатады.
Бейнақты реактивтіліктің физиологиялық түрі сыртқы
ортаның әртүрлі ықпалдарының әсерлеріне болады. Оның
дерттік (патологиялық) түрі организмге көптеген бейнақты
бүліндіргіш ықпалдардың (иондағыш сәулелер, улы заттар,
ыстық немесе суық температуралар т. с. с.) әсерлерінен
дамиды. Сонымен бірге адамда бұрыннан дамыған созылмалы
аурулар (атеросклероз, гипертониялық ауру, гепатит,
туберкулез, ішек-қарынның аурулары, қантты диабет т. б.)
организмнің
реактивтілігінің
дерттік
өзгерістеріне
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: