96
бронхиалық демікпе ауруларының ұстамалары белгілі бір
сыртқы орта жағдайларында басталса,
артынан ешбір сыртқы
әсерсіз-ақ, осы жағдайларда бұл үстамалар қайталана беруі
мүмкін.
Жүйке
жүйесінде
тежелу
үрдісі
басым
болғанда
қабынудың өтуі баяулайды, керісінше, қозу үрдісі оны
тездетеді. Наркоз кезінде немесе адам қатты үйқыда (мас)
болғанда электр ағымының бүліндіргіш әсері әлсірейді.
Сонымен бірге адамды иландыру арқылы дерт дамуына
тосқауыл қойып немесе одан сауықтыруға болады.
Мидың лимбикалық жүйесі
эмоцияның орталығы болып
есептеледі. Сол себептен қатты үрей, қорқыныш, қуаныш
сезімдері тұлғаның реактивтілігіне әсер етіп,
кейде
дерттің пайда болуына әкелсе, кейде оны азайтады.
Даралық реактивтілікте мидағы гипоталамустың маңызы
өте үлкен. Мәселен, гипоталамустың астына шыны шарик
тігілген
жануарлардың өкпесінде, ішек-қарын жолдарында
жиі дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Гипоталамуста
дербес (вегатативтік) жүйке жүйесінің және эндокриндік
бездердің реттеуші орталықтары
орналасуынан олардың
қызметтері өзгереді.
Жұлынның
бүліністері
де
даралық
реактивтіліктің
өзгерістеріне әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген
көгершіндер
қалыпты
жағдайда
ауырмайтын,
күйдіргі
ауруымен ауырады.
Даралық
реактивтілік
дербес
жүйке
жүйесінің
жағдайларына да байланысты. Мәселен, парасимпатикалық
жүйке жүйесін қоздырғанда антидене өндірілуі артады,
бауырдың
уытсыздандыру
және
тосқауылдық
қызметтері
көтеріледі.
Симпатикалық
жүйке
қозғанда
фагоцитоз
күшейеді, зат алмасу артады.
Организмде жүйке жүйесі нәрленістік (трофикалық)
қызмет атқарудан, ағзалар мен тіндердің жүйкеленулерінің
бұзылыстары оларда дистрофиялар дамуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: