99
байқалады; Қан тамырларының жүйкелік-рефлекстік реттелуі
жетілмеуінен нәрестелердің дене қызымы сыртқы ортаның
температурасына байланысты болып, ол жоғары болғанда
қатты көтеріліп, суық болғанда төмендеп кетеді. Осы
себептен олар қансырауға да өте сезімтал болады;
♣ мидың сыртқы қыртысы толық жетілмеуінен және оның
қыртыс
асты
орталықтарға,
жұлынға
тежегіш
әсері
болмауынан әртүрлі қоздырғыштарға нәрестелердің организмі
шашыранды тараған серпілістермен жауап қайтарады. Сонымен
бірге жүйке талшықтарының көпшілігі миелин қабығымен
қапталмаған. Мидың сыртқы қыртысының қозымдылығы төмен
болып, онда тежелу үрдісі басым болады және ол тез
қалжырап қалады. Тіршілікке қажетті үрдістер қыртыс асты
құрылымдардың басым қатысуымен атқарылады. Сондықтан
әртүрлі ықпалдар жүйкелік үрдістердің бүкіл денеге кең
тарауын туындатады. Осыдан жаңа туған нәрестелердің
дерттері,
бір
жерге
орнықпай,
организмнің
жалпы
өзгерістерімен: жалпы қобалжумен, баланың жылауымен,
тырыспа-селкілдек дамуымен, құсумен, ауыру сезімінің
ауырған жерге орналаспай, бүкіл денеге тарауымен т. с. с.
аурудың жалпы көріністерімен көрінеді;
♣ гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің
жетілмеуі нәтижесінде организмнің бейімделу қабілетінің
төмен
болуы
байқалады.
Жаңа
туған
нәрестелердің
гемолиздік ауруы кезінде бүйрек үсті бездерінің қызметі
әрдайым жеткіліксіз болады. Өйткені эритроциттердің
гемолизінен босаған гемоглобиннен түзілген тура емес
билирубин, бүйрек үсті бездерінің жасушаларында жиналып,
оларда тотығу-фосфорлану үрдістерін ажыратады. Осыдан
қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделуіне
қажетті кортикостероидтық гормондардың түзілуі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: