102
жаратылысы өзгерген жасушаны макрофагтар мен табиғи
жендет жасушалар жойып отырады, ал кейде ол өспе өсуіне
әкелуі мүмкін.
Сонымен бірге, өздігінен дамитын (спонтандық) және
белгілі
бір
түрткілерден
дамитын
(индукциялық)
мутацияларды ажыратады. Спонтандық мутациялар организмнің
өзіндегі әлі толық анықталмаған себептерден (зат
алмасу
өнімдерінің, бос радикалдардың т. б. әсерлерінен) дамиды.
Индукциялық мутация көптеген сыртқы орта ықпалдарының
әсерлерінен дамиды. Бұл ықпалдарды мутагендер дейді.
Мутагендер физикалық, химиялық
және биологиялық болып
ажыратылады. Физикалық мутагендер: иондағыш сәулелердің
барлық түрлері, үльтракүлгін сәулелер,
температуралық
әсерлер т. т. жатады. Мутациялардың мөлшері әсер еткен
сәулелердің мөлшеріне және жасушалардың бөліну сатыларына
қарай
өседі.
Сәулеленген
тіндердегі
бос
белсенді
радикалдардың пайда болуы күрделі физикалық-химиялық
үрдістердің бастапқы сатысы болады.
Осының нәтижесінде
молекулалардың
қайта
құрылуы
және
биохимиялық
реакциялардың жүруі бұзылады да, аяғында келіп гендердің
мутациялары мен хромосомалардың
құрылымдары өзгеруіне
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: