105
әсерінен болған ДНК-ның бүлінуін қалпына келтіреді.
● күңгірт реактивті жүйе:
♣ эндонуклеаза ДНК-молекуласының бүлінген жерін
танып, оны үзіп алады.
♣ ДНК-полимераза ДНК-молекуласының үзіліп алынған
бөлшек орнын жаңа бөлшектермен толтырады.
♣ полинуклеотидлигазалар фосфодиэфир байланыстарын
құрастыру арқылы ДНК жіптерінің жаңа түзілген бөлшектерін
қалпына келтіреді.
Бұл ферменттердің түзілуін қадағалайтын гендердің
бүлінуі тектік құрылымдардың көп жерлерінде тұрақсыздыққа
әкеледі және жасушаларда ДНК- жіпшіктерінің бұзылыстарын
өздігінен қалпына келтіру мүмкіншілігін жоғалтады. Адамда
бүлінген ДНК-ны қалпына келтіретін жүйелердің гендік
бұзылыстарының
бірнеше
түрлері
белгілі.
Мәселен,
пигментті
ксеродермия.
Организмде
эндонуклеазаның
жоқтығынан (немесе жетіспеуінен) үльтракүлгін сәулесіне
сезімталдық күшейеді. Өзгерген гендердің қалпына келуінің
бұзылуы
ихтиозда,
атаксияда,
пойкилодермияда,
Даун
ауруында, жүйелі қызыл жегіде т. б. дерттер кездерінде
анықталған.
Гендік аурулар.
Гендердің
мутациясы,
хромосомаларға
қарағанда,
біршама
аз
мөлшерлерде
болады
және
жиі
әлсіздеу
бұзылыстармен сипатталады. Аналық жасушалардың өсіп-өну
қасиеті сақталады және сол себептен мұндай дерттер
ұрпақтан ұрпаққа ауысады. Былайша айтқанда бұлар нағыз
тұқым қуатын аурулар болып есептеледі, ал олардың тұқым
қуалауы Менделдің заңына сәйкес келеді.
Барлық гендік аурулар тұқым қуалау түрі бойынша
Достарыңызбен бөлісу: