Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сыртқы орта ықпалдарының маңызы



Pdf көрінісі
бет81/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Сыртқы орта ықпалдарының маңызы. 
Организмнің даралық 
реактивтілігінде сыртқы орта ықпалдарының да маңызы 
үлкен. 
Мәселен, 
суық 
қанды 
жануарлардың 
дене 
температурасын көтеру арқылы олардың реактивтілігін 
жоғарылатуға болады. Бұл жағдайларда кесірткелерде
қалыпты жағдайларда дамымайтын, анафилаксияны, бақаларда 
сіреспені (столбняк), камфоралық эпилепсия ұстамасын 
алуға болады. Дене температурасын төмендету (гипотермия) 
арқылы гипоксияға, механикалық жарақаттың әсерлеріне 
организмнің төзімділігін көтеруге болады. 
Сыртқы 
ортаның 
адамға 
әсер 
етуі 
әлеуметтік
ықпалдармен қабаттасады. Қазіргі өндірістерде — «адам-
машина» сияқты жаңа арақатынастардың пайда болуына 
байланысты адам организмінің реактивтілігі өзгереді. 
Өндірістік үрдістердің қарқынына адамның ілесе алмауы 
себепті әртүрлі жан-дүниелік өзгерістер, жарақаттанулар 
пайда 
болуы 
мүмкін. 
Жұмыста 
және 
отбасында 
микроәлеуметтік 
қатынастардың 
бұзылуы 
адамда 
ойсоққылықтар (эмоциялық стресстер) дамытады. Бұлардың 
барлығы организм реактивтілігінің өзгеруіне әкеледі. 


98
Сонымен қатар сыртқы ортаның иондағыш сәулелермен, 
химиялық 
улы 
заттармен 
ластанулары 
организм 
реактивтілігіне 
үлкен 
әсер 
етеді. 
Автокөліктердің 
шығаратын улы газдарының зардабынан адамдардың вирустар 
мен микробтарга қарсы төзімділігі азаяды. Осыдан ірі 
қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен өкпе, жүрек 
аурулары жиі кездеседі. 
Әлемде жылына 1 миллионнан астам тонна пестицидтер 
өндіріледі. Хлорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада 10 
жылдан астам ыдырамай сақталып қалады. Адам денесіне 
түсіп олар барлық ағзалардың қызметтерін бұзады. Адам 
денсаулығына 
тигізетін 
олардың 
зияндары, 
кейбір 
ғалымдардың пікірлері бойынша, радийбелсенді заттардың 
зардабынан бірде-бір кем түспейді. 
Даралық реактивтілік адамның 
жасына 
байланысты болады. 
Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің төмен болуы, 
организмнің 
кемелденуіне 
байланысты 
реактивтіліктің 
жоғарылауы және қартайған организмнің реактивтілігі 
қайтадан төмендеуі байқалады.
Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы мына 
жағдайларга байланысты: 
● сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық 
жетілмеуіне; 
● жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне; 
● иммундық жүйенің толық дамымауына. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет