Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндокриндік жүйенің әсері



Pdf көрінісі
бет80/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндокриндік жүйенің әсері.
Қоздырғыштардың әсерлеріне 
жеке тұлғалардың жауап қайтару қабілеті эндокриндік 
жүйенің ерекшеліктеріне де байланысты. Оның ішінде 
гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және үйқы, 
жыныс 
бездерінің 
маңызы 
үлкен. 
Глюкокортикоидтық 
гормондар 
қабынуға 
қарсы 
әсер 
етеді, 
минералокортикоидтар, 
керісінше, 
қабынуды 
күшейтеді. 
Сонымен бірге гипертиреоз кезінде қабыну өте қатты өтеді, 
ал гипотиреоз кезінде ол тым сылбыр, баяу болады. 
Гипертиреоз кезінде жануарлардың жұқпаларға, уларға және 
анафилаксияға сезімталдығы көтеріледі. Қантты диабет 


97
кезінде реактивтілік қатты төмендейді, денедегі жаралар 
ұзақ уақыт бітпейді, терінің ұсақ іріңді қабынулары 
байқалады, жиі туберкулез дамиды. 
Иммундық 
жүйенің 
әсері.
Организм 
реактивтілігінде 
иммундық жүйе жағдайларының маңызы үлкен. Иммундық 
жүйенің тұа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтары, 
әртүрлі сыртқы орта ықпалдарынан оның тежелуі - 
организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді (Иммундық 
жүйенің бұзылыстарын қараңыз). 
Организмнің реактивтілігінде 
дәнекер тіндердің
де зор 
маңызы бар. Олар макрофагтар жүйесін қалыптастырады. 
Осыдан келіп фагоцитоздық әсер, жараның жазылу қарқыны, 
тосқауылдық 
және 
уытсыздандыру 
қызметтері 
дәнекер 
тіндерінің жағдайларымен байланысты болады.
Организм 
реактивтілігіне 
адамның 
қоректенуінің 
бұзылыстары да үлкен әсер етеді. Толық ашығу және асқа 
жарымау реактивтілікті төмендетеді. Бұл кездерде қабыну 
сылбыр өтеді, антидене өндірілуі төмендейді, көптеген 
аурулардың 
өтуі 
баяулайды, 
анафилаксиялық 
жағдай 
дамымайды. Көптеген жұқпалы аурулар дене қызуы көтерілмей 
және қабынулық өзгерістерінсіз ауыр түрде өтеді. Тағамда 
нәруыздардың 
жетіспеуі 
жұқпалар 
мен 
уыттануларға 
организмнің 
төзімділігін 
төмендетеді. 
Витаминдердің, 
микроэлементтердің 
жетіспеулері 
де 
организмнің 
реактивтілігін қатты өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет