Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Арнайыланған (спецификалық) туа біткен төзімділікке



Pdf көрінісі
бет76/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Арнайыланған (спецификалық) туа біткен төзімділікке
мысал ретінде адамдарда ірі қара малдың обасына, құстарда 
күйдіргі ауруына туа біткен иммунитетті келтіруге болады. 
Ал оның 
жүре пайда болған түріне
иммунитеттің басқа 
түрлерін жатқызады. Олар өз алдына 
белсенді
және
енжар
болып бөлінеді. Жүре пайда болған төзімділіктің белсенді 
табиғи түрі жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейінгі 
организмнің иммунитеті болса, жасанды түрі — алдын ала 
әлсіздендірілген 
микробтармен 
егу 
(вакцинация) 
кездеріндегі иммунитеті. Бұл кезде енгізілген екпелерге 
организмнің өзі антиденелер өндіреді. Ал, жүре пайда 
болған төзімділіктің енжар түрі ауруға қарсы, дайын 
антиденелері бар, емдік сарысуларды организмге енгізгенде 
дамиды. Бұны 
серотерапия
деп атайды. 


93
- сызбанұсқа
Төзімділіктің түрлері 
Бейнақты (бейспецификалық) туа біткен төзімділік
белсенді және енжар – деп ажыратылады. Оның белсенді 
түріне 
организмнің 
ауру 
туындататын 
ықпалдарға 
жаратылыстан қалыптасқан күрделі бейімделу жолдарымен 
белсенді түрде жауап қайтаруы жатады. Мәселен, сыртқы 
ортада О

жетіспеуіне организм тыныс алуын, жүрек соғуын 
жиілетіп, қан айналым жылдамдығын арттырып, шеткері қанда 
эритроциттердің санын көбейтіп т.с. с. жауап қайтарады 
Бейнақты туа біткен төзімділіктің енжар түрінің 
мысалына организмдегі биологиялық тосқауылдар (тері, 
шырышты қабықтар, гематоэнцефалиялық, гистогематикалық 
тосқауылдар, 
шартсыз 
рефлекстер 
(жөтел, 
түшкіру), 
жануарлардың 
қатты 
қабаттары 
т.с.с.) 
арқылы 
қоздырғыштарға енжар түрде қарсы тұруды келтіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет