89
мүмкін. Адамның ішкі жан-дүниесінің өзгерістері денеде
әртүрлі дерттердің дамуына ықпал ететіні көптен белгілі.
Осыдан медицинада психосоматикалық бағыт қалыптасқан.
Қорыта
келгенде,
кез-келген
аурудың
көріністері
жергілікті
және
жалпы
организмнің
өзгерістерімен
сипатталады. Олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты.
Сол себептен жергілікті ауру немесе жалпы организмнің
ауруы деп ажырату қате болады. Дегенмен, олардың
арақатынасын, басым жағын ажырату қажет. Кейде ушықпаған
аурудың жергілікті бүліністерін аластау арқылы науқасты
емдеуге болады. Мәселен, өспені дер кезінде сылып тастау
науқастың сауығуына әкеледі. Ал, бүлінген ағзаның әсері
жалпы денеге көп тараған болса, онда жалпы организмдегі
өзгерістер емдеуді қажет етеді. Фурункулез кезінде
сыздауықты
емдеумен
бірге
жалпы
организмдегі
зат
алмасудың, иммундық жүйенің т. б. бұзылыстарын емдеу
қажет.
Ал, жалпы организмнің жан-дүниесі өзгерістерінен
пайда болған ағзалар мен тіндердегі өзгерістерді емдеу
міндетті түрде алғашқыларды емдеумен қабаттасуы керек.
Осы тұрғыдан психотерапияның маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: