84 Дисбактериоз. Өте белсенді антибиотиктер және басқа антибактериялық
дәрілер қабылдаудан организмдегі қалыпты жағдайларда
болатын
бактериялардың
құрамы
өзгереді.
Содан
дисбактериоз дамиды, жұқпалардың өршіп кетуі байқалады.
Дисбактериоз - көптеген
антибиотиктерді,
сульфаниламидтерді немесе нитрофурандарды ұзақ уақыт
ішуден ішектерде әдетте болатын микробтардың саны мен
сапасы өзгеріп кетуімен көрінетін организмнің жағдайы.
Қалыпты жағдайларда болатын микробтар дерттуындататын
микробтардың өсіп-өнуін тежейді.
ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ Патогенез (гр. раtһоs — бүліну, ауру, gеnеsіs — даму) аурудың даму жолдарының жалпы заңдылықтарын, оның өтуі мен салдарларын зерттейтін ілім. Ол
аурудың
этиологиясымен өте тығыз байланысты. Бұл кезде дене
мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде организмнің себепкер
ықпалмен өзара әсерлері нәтижесінде алғашқы бүліністер
пайда болады. Қандай да болмасын дерттің негізінде
белгілі құрылымдық өзгерістер жатады. Бұл бүліністерге
организм жағынан жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері
дамиды. Аурудың даму кезінде бүліну және қалпына келу
үрдістері тығыз байланыста және өзара әсер етуде болады.
Себепкер ықпалдың қарқыны тым қатты болғанда немесе
олар ұзақ мерзімде әсер еткенде организмнің қорғану-
икемделу жолдары жеткіліксіз болады. Қорғану-икемделу
жолдары ауруға организмді азды-көпті бейімдеп тұрғанда
аурудың
теңгерілген сатысы болса,
кейін
олардың
жеткіліксіздігі
кезінде
аурудың
теңгерілмеген (декомпенсациялық) сатысы дамиды.
Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы — өзін-