85
гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық-
сілтілік үйлесімділіктің метаболизмдік ацидоз жағына
ығысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі.
Бұл көрсетілгендер жарақаттану
дертінің патогенезіне
жатады. Мұнда алғашқы бірінші себепкер ықпал болып
жарақаттану есептеледі, оның салдары ауыру сезімі.
Артынан ауыру сезімі қан
айналымының бұзылыстарына
себепкер ықпал болады. Қан айналым бұзылыстары гипоксия
дамуына әкеледі. Осылай жарақаттық ауру дами береді.
Сонымен, бірінші себеп,
белгілі бір салдарға әкеліп,
екінші реттегі себептің пайда болуына, екінші себеп
үшінші реттегі
себептің дамуына әкеліп, дерт ары қарай
тізбектеліп
өтеді.
Аурудың
дамуындағы
осындай
арақатынастарды
себеп-салдарлық арақатынастар
дейді.
Аурудың патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері.
Аурудың
өзін-өзі
дамыту
және
өзін-өзі
реттеу
жолдарындағы себеп-салдарлық арақатынастарда кері айналып
соғу шеңбері қалыптасуының маңызы үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: