91
организмдері
күрделілене
түскен
сайын,
олардың
реактивтілігі де күрделіленеді. Бұл организмдегі зат
алмасу
үрдістерінің
күрделіленуімен
және
реттеуші
жүйкелік-эндокриндік, иммундық жүйелердің жақсы дамуымен
байланысты. Жоғары дамыған
жануарларда қоршаған орта
ықпалдарына (гипоксияға, микробтарға, улы заттарга т. с.
с.) сезімталдық жоғары болады. Сонымен бірге оларда
әртүрлі бүліндіргіш әсерлерге қарсы қорғану-икемделу
мүмкіншіліктері
де
артады.
Тұтас
организмнің
реактивтілігі жан-жақты көптеген құбылыстардың (қабыну,
фагоцитоз,
антиденелер
мен
сезімталдығы
көтерілген
лимфоциттердің
өндірілуі,
иммунитет,
аллергия,
анафилаксия,
регенерация, зат алмасуларының өзгерістері,
қызба т.с.с..) жиынтығымен көрінеді.
Реактивтілік
организмнің
әртүрлі
деңгейлерінде
байқалады. Мәселен, молекулалық деңгейде реактивтіліктің
мысалы ретінде орақ тәріздес жасушалық анемия кезіндегі
S-гемоглобин (НвS) молекуласының
оттегінің аздығына
гемолиз дамуымен жауап қайтаруын атауға болады. Жасуша
деңгейінде
реактивтіліктің
түріне
лейкоциттердің
фагоцитоз кезіндегі жағдайын келтіруте болады. Ағза
деңгейінде организмнен аластанған ағзалардың әртүрлі
қоздырғыштарға жауап ретінде тіршілігін өзгерту қасиетін
көрсеткен жөн. Мәселен, жасанды жағдайда қызмет атқаратын
жүрек гипоксияға, адреналинге, пилокарпинге т. б.
қоздырғыштарға өзінің қызметін
және зат алмасуын өзгерту
арқылы жауап қайтарады. Бірақ тұтас организмде бұлардың
барлығы біріккен, белгілі тәртіппен реттелінген түрде
болады.
Реактивтіліктің жағдайы жалпылама қаралмай бір немесе
бірнеше ұқсас қоздырғыштарға жекеленіп қаралуы керек.
Өйткені кейбір қоздырғыштарға
организмнің реактивтілігі
жоғарыласа,
басқаларына
төмендеуі
мүмкін.
Мәселен,
қояншық ауруының ұстамасы кезінде жануарлардың терісіне
люизит тамызғанда терінің бүлінуі, сау жануарларға
қарағанда, әлсіздеу болады.
Реактивтілік
көріну
түрлеріне
қарай
екі
топқа
бөлінеді:
●
Достарыңызбен бөлісу: