Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері



Pdf көрінісі
бет43/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері 
Нашақорлық қолданылатын есірткілердің түрлеріне қарай: 
каннабизм, 
кокаинизм, 
апиындық 
және 
елестеткіш
есірткілерден туындайтын
болып ажыратылады. 
Каннабизм
(лат. cannabis sativa – үндіс кендірі) 
марихуана, гашиш т.б. заттарды Үндістанда, Қазақстанның 
Шу ойпатында т.б. жерлерде өсетін кендір өнімдерінен 
алынған 
есірткілерге 
дамиды. 
Оларды 
кендірдің 
жапырағынан, гүл тозаңдарынан алады. Кендірдің құрамында 
400-ге жуық химиялық элементтер болады. Солардың 60-қа 
жуығы есірткілік әсер етеді. Бұларды адам кендірдің 
жапырағы мен гүл тозаңдарын ауызда шайнау, шылым қылып 
тарту немесе ішу арқылы қабылдайды. Бұл кезде әсер ететін 
зат ретінде каннабиноидтар (каннабидиол, каннабинол, 
тетрагидроканнабинол және жасампаздық жолдармен алынған 


56
СР-55940, WIN- 55212-2) – есептеледі. Олар адамның жан-
дүниесіне өте күшті әсер етеді. 
Тетрагидроканнабинол
өкпеден тез қанға өтіп, тіндерге 
ауысады. Оның қанға түсуі денені босаңсытып, көңіл-күйін 
шаттандырады, адамның ойлау қабілетін бұзады, зердесін, 
ұғымталдығын әлсіретеді, мас адамдардағыдай істеген ісіне 
жауапкершілігін жоғалтады. 
Кокаинизм
(erythroxylon 
coca 
өсімдігінің 
жапырақтарынан алынған) кокаин қабылдаудан дамиды. Әсер 
ететін зат болып, ОЖЖ уақытша сергітетін, жергілікті 
ауыру сезімін басатын, қан тамырларын тарылтатын, 
бензилэкгониннің метилді әтірі (эфирі) есептеледі. Бұл 
зат: 
● нейрон мембранасы арқылы биогендік аминдердің 
тасымалдануын бөгейді; 
● адренергиялық жүйке талшықтарының аяқшаларымен 
катехоламиндер- дің түйіспе саңылауларынан кері қамтылуын 
тежейді. 
Кокаинды адам мұрынға тарту арқылы деммен, шылыммен 
немесе ішу арқылы қабылдайды. Оған дағдылану оны қабылдай 
бастағаннан кейін бірнеше күн ішінде өте тез дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет