Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жіті сөулелік аурудың ішектік түрі



Pdf көрінісі
бет39/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жіті сөулелік аурудың ішектік түрі
. 10-20 Гр 
мөлшерінде сәулеленген адамдар 7-10 күннен кейін жан 
тапсырады. Аурудың бұл түрінің әйгіленімдеріне жүрек 
айну, құсу, қан араласқан іш өту, дене қызымының 
көтерілуі, ішектердің түйілуі, іш кебу жатады. Сонымен 
қатар қатты лейкопения дамиды, лимфоциттер шеткері қанда 
мүлде болмайды, жиі қан кетулер болады және сепсистің 
көріністері байқалады. 
Жіті сәулелік аурудың ішектік түрінде адамның өлімі 
дененің сусыздануынан болады. Бұл кезде организмнен сумен 
бірге тұздар мен нәруыздар шығарылады. Микробтардың 
уыттарымен және тіндердің ыдырауынан пайда болған уытты 
өнімдермен организмнің уыттануы болады, сілейме дамиды. 
Жіті сәулелік аурудың токсемиялық түрі
. Бұл түрі 
мөлшері 20-80 Гр иондағыш сәулелердің әсерінен дамиды 
және 4-7 күн ішінде адамның өліміне әкеледі. Ішектер мен 
бауыр тамырларында ауыр қанайналымның бұзылыстары, қан 
тамырларының межеқуаты жоғалып, кеңіп кетуі, жүрек 
соғуының жиілеуі, денеде қан қүйылу, организмнің қатты 
уыттануы болады. Осыдан бүйректің қызметі бұзылып, 
олигоурия, анурия, гиперазотемия дамиды. 
Жіті сәулелік аурудың милық түрі
. 80 Гр мөлшеріндегі 
иондағыш радиацияның әсерінен жіті сәулелік аурудың милық 
түрі дамиды. Осындай радиация әсер еткеннен кейін 1-3 күн 
өткен соң адам жан тапсырады. Радиацияның мөлшері 150-200 
Гр болса адам сәулелердің әсерінен шықпай-ақ немесе 
бірнеше минут-сағаттың ішінде өледі. Сәулелік аурудың 
бұл түрі кезінде дененің селкілдегі дамиды, мида қан мен 
лимфаның айналымы бұзылады, қан тамырларының межеқуаты 
мен термореттелу өзгереді. Артынан асқорыту жолдары мен 
несеп шығару жүйесінің бұзылыстары байқалады, қан қысымы 
қатты төмендеп кетеді. Бұл ауру кезінде орталық жүйке 
жүйесінің қайтымсыз бұзылыстары дамиды, мидың сыртқы 
қыртысы мен гипоталамустың жасушалары қатты бүлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет