47
Электр ағымының әсерінен дамитын клиникалық өлім
кезінде жүрек етінің жыпылығы ұзақ сақталуы мүмкін.
Сондықтан бұндай өлген адамдарға биологиялық өлімнің
айғақты белгілері пайда болғанша медициналық (қолмен дем
алдыру, жүрекке ысқымақ (массаж) жасау)
жәрдем көрсету
қажет.
Электр ағымының әсерінен адамның өлімі тыныс алудың
және жүректің тоқтап қалуынан болады. Тыныс алудың
тоқтауы:
● тыныс орталығының зақымдануынан;
● тыныс орталығын қанмен қамтамасыз ететін омыртқа
артерияларының жиырылып қалуынан;
● тыныс алуға қатысатын
бұлшықеттердің жиырылып
қалуынан;
● дыбыс байламдарының жиырылып қалуынан;
● тыныс алу жолдарының бітелуінен, дамиды.
Жүректің тоқтауы:
● жүрек қарыншаларының жыпылықтауынан;
● коронарлық қан тамырларының жиырылып қалуынан;
● қан тамырларының қимылдық орталығының зақымдануынан;
● кезбе жүйкелерінің межеқуаты (тонусы)
көтеріліп
кетуінен, дамиды.
ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРД
ің
бүліндіргіш
ӘСЕРЛЕРІ.
Иондағыш сәулелер организмге сырттан немесе ішінен
әсер етулері мүмкін. Адам организмі рентген құралдарымен,
ядролық реакторлармен және дәрменделген (зарядталған)
бөлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар,
синхрофазотрондар,
сызықтық
тездеткіштермен),
радийбелсенді
изотоптармен,
радийбелсенді
қазбаларды
өңдеу т.с.с.. жұмыстар атқарғанда иондағыш сәулелердің
әсеріне душар болады. Ауруханаларда науқастарды емдеу
үшін иондағыш сәулелер қолданылады. Сонымен бірге атом
бомбаларын
сынағанда
немесе
соғыста
қолданылғанда,
ядролық
реакторлардың
апаттары
кездерінде
адам
организміне иондағыш сәулелер әсер етеді.
Радийбелсенді
заттар тағаммен, сумен немесе тыныс
жолдары арқылы организмге түскенде олар адамның ішінен
әсер етеді. Олардың әрі сырттан, әрі ішінен біріккен
әсерлері болуы мүмкін.
Иондағыш сәулелер атомдар мен молекулалардың иондалуын
туындататын болғандықтан олардың биологиялық белсенділігі
өте жоғары болады. Шыққан табиғаты бойынша иондағыш
сәулелер электромагниттік (рентген, гамма-сәулелері) және
денешіктік (корпускулалық) (дәрмені бар бөлшектер: гелий-
ядросы
альфа-сәулелер,
электрондар
бета-сәулелер,
48
протондар; дәрмені жоқ нейтрондар) болып ажыратылады.
Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш
әсері тіндердің
иондалу тығыздығының шамасына және өтіп кету қабілетіне
байланысты. Неғүрлым олардың өтіп кету қабілеті төмен
болса, соғұрлым иондау тығыздығы жоғары болады да,
бүліндіргіш әсер күшті болады. Альфа-сәулелерінің тіндер
арқылы өтіп кету қабілеті өте төмен,
бар жоғы бірнеше
ондаған микрометр, болғандықтан олардың иондау қабілеті
ең жоғары болады. Гамма-сөулелері тіндер арқылы тез өтіп
кетеді де, олардың иондау қабілёті аз болады.
Организмнің сәулеленуі бір мезгілдік, бөлшектенген
және ұзақ мерзімдік болады.
Организмді бөлшектеп, ұзақ
уақыт
сәулелендіргенде
оның
бүліністеріне
әкелетін
сәулелердің жалпы өлшемі бір мезгіл сәулелендіргендегі
сәулелердің өлшемінен біршама көп болады.
Иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері сөулеленген
дене
қабатының
аумағынан,
организмнің
даралық
реактивтілігінен, адамның жасы мен жынысынан және
сәулеленуге дейінгі организмнің жалпы күйіне байланысты
болады.
Мәселен,жас
және
буаз
жануарлар
иондағыш
радиацияның әсеріне
өте сезімтал болады. Бір организмнің өзінде әртүрлі
жасушалар мен тіндердің
бұл сәулелерге сезімталдығы
әртүрлі болады. Ұдайы жаңарып, өсіп-өніп тұратын (сүйек
кемігінің қан өндіретін тіндері, жыныстық бездері, ас
қорыту жолдарының эпителий жасушалары) тіндер иондағыш
сәулелердің әсеріне өте сезімтал болады. Керісінше,
бұлшықет, жүйке және сүйек тіндерінің
сезімталдығы төмен
болады.
Достарыңызбен бөлісу: