43 қызаруы, қастың ісінуі, жас ағу, жарыққа қарай алмау,
көзге бөгде зат түскен сияқты сезім пайда болады. Бұндай
жағдайды
фотофтальмия деп атайды. Бұл құбылыстар күн
сәулелерінің көзге тікелей әсер етуінен, ашық далада
қарға шағылысқан сәулелердің әсерінен, электр ағымымен
металдарды кесіп-жалғау жұмыстары кездерінде байқалады.
Ультракүлгін
сәулелердің
тым
артық
әсерінен
фотохимиялық күйік даму жолында бұл сәулелердің еркін
радикалдық тотығуды, май қышқылдарының асқын тотығуын
арттыру қасиеті маңызды орын алады. Осыдан жасуша
мембраналарының
бүлінуі,
нәруыздардың
ыдырауы
жасушалардың тіршілігін жоғалтады.
Ультракүлгін
сәулелермен
артық
сәулелендіру
нәтижесінде организмнің созылмалы дерттері (құздама,
асқазанның ойық жарасы, өкпе туберкулезі т.б.) асқынып
кетуі мүмкін. Бұл сәулелермен тым артық сәулеленудің
нәтижесінде меланиннің көп өндірілуінен, нәруыздардың
бүліністерінен
алмастырылмайтын
аминқышқылдарына,
витаминдерге, Са
2+
- иондарына т.б. заттарға организмнің
мұқтаждығы артып кетеді. Сонымен бірге қысқа толқынды
ультракүлгін
сәулелердің
тым
артық
болуынан
Д
3
-
витаминінің белсенділігі төмендеп, ол организмге уытты
заттарға (токсистериндерге) ауысуы ықтимал.
Ультракүлгін сәулелермен ұзақ уақыт артық сәулеленуден
тері мен шырышты қабықтарда обыр өспесі дамуы мүмкін.
Кейбір бояулар, холестерин, порфириндер, әсемдік бұйымдар
ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерін күшейтеді. Оларды
фотосенсибилизаторлар дейді.
Кейбір адамдарда бұл сәулелерге жоғары сезімталдық
болады. Оны
фотоаллергия дейді.Организмде гемоглобин
алмасуы бұзылудан қанда порфириннің артық жиналуы кезінде
күн көзіне аз уақыт шығудың өзі терінің ауыр күйіктеріне,
сәулеленген порфириннің уытты өнімдерімен организмнің
уыттануына әкеледі.
Күн сәулелері әсер еткенде олардың құрамындағы
тіндерге қыздыратын әсер ететін инфрақызыл сәулелермен
ультракүлгін сәулелер бірігіп әсер етуден денеге күн өтуі
байқалады.
Бұл
кезде
ультракүлгін
сәулелері
тері
қылтамырларындағы
қан
нәруыздары
мен
холестеринді
сәулелендіру арқылы жүйке жүйесіне әсер етеді. Осыдан
мидағы қыртыс асты құрылымдары мен дербес (вегетативтік)
жүйке жүйесі орталықтарын қоздырады, дене қызымын
көтереді,
қан
қысымын
алдымен
көтеріп,
артынан
төмендетеді, адамды ұйқы басады, коллапс дамиды және
тыныс орталығының салдануынан адам жан тапсырады.