44 Лазер сәулелерінің әсері. Өте қарқынды жарық қуатын бір түсті жіңішке шоқтарға
айналдыратын құралдар – лазерлер көптеген ауруларды
(пародонтит, көз аурулары, ішек-қарын аурулары т. с. с.)
емдеу үшін кеңінен қолданылады. Аз қарқынды лазер
сәулелері организмде нуклеин қышқылдары мен нәруыз
түзілуін арттырып, жараның бітуін, қабынудың тез жазылуын
күшейтеді.
Олардың
әсерінен
шеткері
жүйкелердің
регенерациясы жақсарады. Аз қарқынды лазер сәулелері
иммундық жүйенің белсенділігін күшейтіп оның жұқпаларға
төзімділігін арттырады, антиоксиданттық әсер етеді,
жасуша мембраналарының қолайсыз әсерлерге тұрақтылығын
жоғарылатады. Бұл сәулелердің әсерінен ағзалар мен
тіндерде майда қанайналым (микроциркуляция) оңалады,
олардың оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілуі
жақсарады. Осыдан олардың нәрленуі түзеледі.
Тым қарқынды лазер сәулелері организмге бүліндіргіш
әсер етеді. Олар хирургияда тіндерді, өндірістерде
металдарды кесу үшін қолданылады. Лазер сәулелеріне
пигменттелген тіндердің сезімталдығы өте жоғары болады.
Олардың
бүліндіргіш
әсер
ету
жолдары
әлі
толық
зерттелмеген. Жасушаларға тікелей бүліндіргіш әсері
белсенді бос радикалдардың өндірілуімен байла-нысты.
Осыдан жасуша мембраналарында май қышқылдарының асқын
тотығуы, олардың бүліністеріне әкелуі мүмкін.
Лазер сәулелері тіндерге температураны көтеру арқылы
және
кавитациялық
әсер
етеді.
Лазер
сәулелерінің
құрамындағы инфрақызыл сәулелердің қуатынан тіндерде
температура көтеріліп, тіндік нәруыздардың белсенділігі
жоғалады.
Лазер сәулелерінің әсерінен жасушаларда температура
өте тез қатты көтерілуінен олардың сұйық бөлшектері буға
айналып кетеді. Осыдан жасушалардың ішінде майда қуыстар
кенеттен пайда болады. Бұл қуыстардың ішінде қысымның
ондаған, жүздеген атмосфераларға дейін көтерілуінен,
содан толқын соққыларының тарауынан тіндердің жарылуы
болады.
Осьгаы
лазер
сөулелерінің
кавитациялық
(жарылыстық) әсері деп атайды. Бұл сәулелердің осы
қасиеті тіндерді кесу үшін лазерлік қандауырларды қолдану
негізінде жатады.
Қарқынды
лазер
сәулелерінің
бүліндіргіш
әсері
организмге қажетті ферменттердің белсенділігін жоғалту
арқылы да болады.