53
құбылмалылығы
т.с.с.
белгілер
байқалады.
Дерттің
айқындалу
кезінде
радиацияға
сезімтал
тіндердің
регенерациялық
қабілеті төмендейді, жүйке және жүрек-қан
тамырлар
жүйелерінің
қызметтері
бұзылады.
Сауығу
кезеңінде
келтірілген
өзгерістер
біртіндеп
қалпына
келеді.
Созылмалы сәулелік ауру (ССА): I - жеңіл, II - орташа
және III - ауыр. үш дәрежеде өтеді.
Жеңіл ССА кезінде лейкопения мен тромбоцитопения
тұрақсыз болады, жүйкелік реттелудің бұзылыстары шамалы
болады.
Орташа ССА кезінде жүйке, жүрек-қан тамырлар жүйелері
мен ішек-қарынның қызметтері бұзылады.
Қанда лейкопения
мен лимфопения елеулі деңгейде болады, тромбоциттер
азаяды. Сүйек кемігінде гипоплазия дамиды.
Ауыр
ССА кезінде анемия дамиды, сүйек кемігенде қан
өндірілу қатты азаяды, ішек-қарын
жолдарының шырышты
қабықтарының атрофиясы байқалады, жүйелік қанайналым
бұзылады, қан кетулер, жұқпалық асқынулар адамның өліміне
әкелуі мүмкін.
РАДИАЦИЯНЫҢ КЕШЕУІЛДЕТІЛГЕН САЛДАРЛАРЫ.
Шағын
мөлшердегі
радиацияның
әсерінен
артынан
организмде біршама құбылыстар дамуы мүмкін.
Оларға қан
өндіруге қатысатын тіндердің гипоплазиясы, ас қорыту
жолдарының
атрофиялық қабынуы, бауырда, бүйректе, қан
тамырларында склероз дамуы, адамның өмір жасының қысқаруы
т. с. с. өзгерістер жатады. Сонымен қатар радиацияның
кешеуілдетілген
салдарларына
организмде
өспелердің,
лейкоздардың даму мүмкіншіліктері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: