55
түрі болып саналады.
Нашақорлық пен уытқорлықтың этиологиясы.
Нашақорлық
есірткілердің әсерлерінен дамиды. Оларға:
● апиын тектес ( героин, морфин, апиын өнімдері,
мәселен, омнопон т.б.) заттарды;
● орталық жүйке жүйесінің сергіткіштерін (кокаин,
марихуана т.б. кендір өнімдерін);
● көз алдына елестеткіштерді (галлюциногендерді),
мәселен, диэтиламид лизергин қышқылы (ЛСД), мескалин
т.с.с. заттарды – жатқызуға болады.
Уытқорлық
көңіл-күйді
көтеретін,
ой
әрекеттерін
уақытша
арттыратын, бей-жайлық сезімді жоғалтатын, емдік
емес мақсаттарда қолданылатын уыттарға әуестендіретін
заттарға дамиды. Бұл заттарға:
● кейбір химиялық реактивтерді (мәселен,
ауаға
тарайтын органикалық еріткіштер);
● тұрмыстық химиялық заттарды (жәндіктерді жоятын
улар, желімдер);
● ішімдіктерді (арақ-шарап, этил спирті);
● есірткілерге жатпайтын дәрі-дәрмектерді (мәселен,
транквилизаторлар) – келтіруге болады.
Нашақорлық пен уытқорлық дамуына мына әлеуметтік
жағымсыз жағдайлар қаіп-қатер туындатады:
●
тұрмыс жағдайларының нашарлығы, қоғам дамуының
кейбір
қайшылықтары
мен
әділетсіздіктері,
әртүрлі
тұрмыстық және рухани ауыртпалықтар,
ұлттық салт-
дәстүрлер т.с.с. әлеуметтік
ықпалдар;
● жан күйзелістері, жаңа қоғам жағдайларына бейімделе
алмау, жоғары жүйке жүйесінің әлсіз түрі т.с.с. ықпалдар;
● тұқым қуалаушылыққа бейімділік.
Достарыңызбен бөлісу: