Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жан-дүниесіне әсерлі заттарға организмнің төзімділігі



Pdf көрінісі
бет48/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жан-дүниесіне әсерлі заттарға организмнің төзімділігі 
дамуы. 
Бұл заттарға организмнің төзімділігі дамуы нейрон 
мембраналарының, 
олардың 
иондық 
каналдарының, 
рецепторларының және ферменттік жүйелерінің жағдайларына 
байланысты 
болады. 
Есірткілерді, 
уытты 
заттарды, 


60
ішімдіктерді қайталап қабылдаудан нейрон мембраналарының 
тұтқырлығы артады. Өйткені бұл заттардың әсерлерінен 
мембраналардың құрамында холестерин мен қаныққан май 
қышқылдарының мөлшері көбейеді. Мембраналардың тұтқырлығы 
артуы адамның көңіл-күйіне әсер ететін заттарға олардың 
төзімділігін 
ұлғайтады. 
Өйткені 
мембраналардың 
тұтқырлығынан 
рецепторлардың 
қозғалыстары 
шектеліп, 
жүйкелік дәнекерлерге олардың сезімталдығы төмендейді. 
Сол 
себептен 
есірткілер 
мен 
уыттардың 
бастапқы 
өлшемдеріне нейрон мембраналарының рецепторлары жауап 
қайтармай, олардың қабылданатын өлшемдерін ұлғайтуды 
қажет етеді. 
Рухани және физикалық тәуелділіктер қалыптасуы. 
Тәуелділік синдромы – деп көңіл-күйге, жан-дүниеге 
әсер ететін затты қабылдамаса тұра алмайтын адамның 
жағдайын айтады. Оның дамуының қарқыны жан-дүниеге әсерлі 
затты 
алғашқы 
қабылдау 
кезіндегі 
көңіл-күйдің 
шаттаныстығы 
мен 
рахаттану 
сезімдерінің 
айқындық 
дәрежесіне байланысты. Ол неғұрлым күшті болса, соғұрлым 
тәуелділік синдромы да тез және күшті дамиды. Тәуелділік 
синдромы рухани және физикалық болып ажыратылады. 
Рухани тәуелділік
– деп жан-дүниеге әсерлі заттарды 
қабылдауды 
тоқтатқанда 
организмнің 
көңіл-күйінің 
бейжайлығымен, тұнжырауымен, үреймен, қатты жабырқаумен 
көрінетін адамның рухында белгілі жайсыздық сезімімен 
сипатталатын жағдайды айтады. Ол көңіл-күйді шаттандырып, 
рахаттану сезімін туындату үшін немесе организнің 
жайсыздық 
жағдайын 
болдырмау 
үшін 
қолданылатын 
психогендік затты ауық-ауық қайталап немесе оны ұдайы 
енгізуді қажет ететін және оны қабылдағаннан кейін 
организмде қанағаттану сезімі мен көңіл-күйдің жадырауын 
туындататын жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет