59 ықтимал.
Этанол. Маскүнемдік уытқорлықтың бір түрі. Ішімдіктерді
жиі қайталап қабылдаудан маскүнемдік дамиды. Бұл кезде
ішімдік ішуді тоқтатқан соң доғару синдромы дамып,
адамның бас жазуға тәуелділігі пайда болады және ішімдік
ішуге
ұдайы
аңсары
ауып
тұрады.Ұзаққа
созылған
маскүнемдік кезінде адамның азғындауы болып, оның жан-
дүниесінде және дене мүшелерінде тұрақты бұзылыстар пайда
болады.
Нашақорлық пен уытқорлықтың патогенезі. Есірткілер мен уыттардың құрамында және әсер ету
жолдарында белгілі айырмашылықтар бар. Соған қарамай
олардың дерт туындату әсерлерінде, рухани және физикалық
тәуелділіктер дамытуында біршама ортақ жалпы заңдылықтар
болады. Бұл жалпы ортақ белгілеріне:
● жан-дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға
деген дерттік құштарлық болуы;
● оларға организнің төзімділігі қалыптасуы;
● бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасуы;
● оларға физикалық тәуелділік қалыптасуы – жатады.
Жан-дүниесіне әсерлі заттарды қайталап қабылдауға дерттік құштарлық мына себептерден дамуы мүмкін :
♣ есірткіні немесе уыттарға әуестендіретін затты
қабылдау адамның көңі-күйін уақытша сергітіп, жайлылық,
шаттық сезім туындатады. Сондықтан оларды қайталап
қабылдауға деген ықылас пайда болады. Осындай жағдайды
«нығайту ерені» - дейді.
♣ оларды әрбір қабылдаудан кейінгі адамның жадыраңқы
күйі дерттік жүйе қалыптасуына әкеледі. Бұл жүйе көңіл-
күйдің және әл-қуаттың жайлылығын қамтамасыз ету үшін
заттың кезекті жаңа өлшемдерін қабылдауды мұқтаж етеді.
Мида дерттік
нығайту жүйенің дәнекерлері болып,
дофамин,
норадреналин,
серотонин,
эндорфиндер
мен
энкефалиндер есептеледі. Есірткілер мен көңіл-күйге әсер
ететін заттар нығайту жүйені әсерлендіреді. Осыдан қорға
жиналған қосымша жүйкелік дәнекерлер көптеп шығарылады.
Бұлар
көңіл-күйді
көтеріп,
әл-қуатты
арттырып,
масаттандырады және қайта қабылдауға тұрақты құштарлықты
қалыптастырады.