Электр ағымының денеден өту багыты. Төменнен жоғары
қарай өткен тұрақты электр ағымы жоғарыдан төмен қарай
өткен ағымнан қауіптірек болады. Бұл кезде жүректің
синустық торабы катодтың қоздырғыш әсерінде болады да,
оның ұшы анодтық қозуды әлсірететін әсерінде болады.
Осыдан синустық торабынан шығатын қозу өткізгіштіктің
үдемелі бөгелуімен түйіседі. Бұл электр ағымы өткенде
жүйкелік
қабылдағыштар
(рецепторлар)
мен
өткізгіш
талшықтар, бұлшықеттер мен тегіс салалы ет талшықтары
және бездік тіндер қатты қоздырылады. Осыдан бұлшықеттер
мен тегіс ет талшықтары тырысып жиырылып қалуынан аяқ-
қолдың буынынан шығуы, жіліншіктердің сынуы, дыбыс
байламының жиырылуы, тыныс алудың тоқтауы, еріксіз дәрет
бұзылуы
және
қан
қысымының
көтерілуі
байқалады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан катехоламиндердің
(адреналин, норадреналин) қанға көптеп шығарылуы болады.
Бұдан ішкі ағзалар мен дене мүшелерінің қызметтері
бұзылады.
Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында
электрохимиялық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы
теріден
өтіп
әртүрлі
тіндердің
жасушаларында
электролиздік тепе-теңдікті бұзады, олардың биологиялық
әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына
әкеледі. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң дәрмені
бар иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод
жағында теріс дәрмені бар иондар жиналады (сілтілік
реакция болады). Осыдан жасушалардың қызмет атқару
жағдайы
өзгереді.
Анодтың
астында
қышқыл
реакция
болғандықтан тіндік нәруыздар ұйып қалады. Содан дамитын
некрозды
коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан
тіннің аумағында сілтілік реакция болғандықтан тіндік
нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мүны