Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Асқын қызыну (гипертермия)



Pdf көрінісі
бет30/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Асқын қызыну (гипертермия). 
Сыртқы ортада температура 
көтерілгенде терінің қан тамырлары кеңіп, тер бөлінуі, 
тыныс алудың жиілеуі арқылы денеден жылуды сыртқа шығару 
артады. Ал, қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы 
жоғары болғанда немесе адамның үстінде терді өткізбейтін 
киім болғанда денеден жылуды сыртқа шығару шектеліп, 
ауаның температурасы тіпті 33°С болғанның өзінде дененің 
асқын қызынуына (ыстық соғуына) әкелуі мүмкін. Бұл кезде 
дене қызымын реттеу жолдары бұзылады, денеде жылу 
өндірілу оны сыртқа шығарудан басым болып кетеді. Осыдан 
дене қызымы көтеріледі. 
Асқын қызыну (гипертермия) екі сатыда өтеді. Бірінші 
теңгерілген сатысында дене қызымы қалыпты деңгейде 
ұсталып тұрады. Жоғары температура организмге ары қарай 
әсер ете беруінен асқын қызынудың екінші теңгерілмеген 
сатысы дамиды, дене қызымы қалыптыдан көтеріліп кетеді. 
Бұл кезде организмде зат алмасуларының қарқыны артады, 
тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының, 
орталық жүйке жүйесінің қатты қозуы байқалады. Артынан 
олардың қалжырауынан тыныс алудың, жүрек қызметінің 
бұзылыстары, артериялық қан қысымының төмендеуі болады, 
организмде гипоксия дамиды. 


42
Асқын қызыну кезінде тердің көп бөлінуі организмнің 
сусыздануына, 
сумен 
бірге 
хлоридтердің 
т.б. 
электролиттердің сыртқа көптеп шығарылуына әкеледі. Бұл 
кезде қанның қоюлануы оның тұтқырлығын жоғарылатып, журек 
қызметін қиындатады, қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. 
Осыдан организмде оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен 
адамның жан тапсыруы болады. Дене қызымы тез көтерілуіне 
әкелетін қауырт қызынуды ыстық соғуы дейді. 
УЛЬТРАКҮЛГ
ін 
СӘУЛЕЛЕРДЩ 
ә
СЕРІ.
Ультракүлгін сәулелер тері мен көздің ақ қабығы арқылы 
бар жоғы ондаған микрометр тереңдікке өтеді. Соған 
қарамай олар тіндердің жергілікті өзгерістерімен қатар 
жалпы организмнің бұзылыстарына әкеледі. 
Бұл 
сәулелердің 
биологиялық 
қасиеті 
олардың 
толқындарының 
ұзындығына 
байланысты. 
Ультракүлгін 
сәулелердің бір бөлшегі А - аумағы ұзын толқынды болады. 
Ондағы толқындардың ұзындығы 400-320 нм аралығында, 
екінші бөлшегі В - аумағы (орташа толқынды) 320-280 нм, 
үшінші бөлшегі С-аумағы (қысқа толқынды) 280-200 нм 
аралығында болады. 
Ұзын толқынды ультракүлгін сәулелер теріде тирозиннен 
меланин түзілуін арттырып, терінің қоңыр қошқыл түске 
боялуын қамтамасыз етеді. Бұл ультракүлгін сәулелердің 
ары қарай денеге өтуіне бөгет жасап, қорғаныстық қызмет 
атқарады. 
Қысқа мерзімде, аз мөлшерлерде әсер еткен орташа 
толқынды 
ультракүлгін 
сәулелер 
организмге 
жалпы 
сергітетін әсер етеді. Оның даму негізінде ультракүлгін 
сәулелердің организм атомдарын қоздыру қабілеті жатады. 
Осыдан 
жасушаларда 
өтетін 
химиялық 
реакциялардың 
белсенділігі 
артады, 
зат 
алмасуларының 
қарқыны 
көтеріледі, тіндердің нәрленуі жақсарады. Бұл сәулелердің 
әсерінен организмнің жұқпалар мен уыттарға төзімдігі 
көтеріледі. Адамның ойлау, қол жұмысын атқару қабілеттері 
жақсарады. 
Бұл 
ультракүлгін 
сәулелердің 
әсерінен 
организмде Д
3
витамині (холекальциферол) түзілуі ұлғаяды. 
Балаларда мешелдік (рахит) дамуынан сақтандырады. Қысқа 
толқынды 
С-аумағындагы 
ультракүлгіндер 
бактерияларды 
жоятын әсер етеді. 
Ультракүлгін сәулелермен бұрын күймеген теріні бірден 
тым артық сәулелендіруден фотохимиялық күйік дамуы 
мүмкін. Бұл кезде терінің қызаруы, күлдіреуі, дене 
қызымының көтерілуі, бас ауыруы, көңіл-күйдің бей-жайлығы 
т. с. с. белгілер байқалады. Сонымен қатар көздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет