Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну. Ыстьқ



Pdf көрінісі
бет29/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну. Ыстьқ 
соғуы.
Ыстық температура дене мүшелерінің күюіне, күйіктік 
ауруға немесе жалпы дененің асқын қызынуына әкелуі 
мүмкін. 
Күйік. 
Күйік ыстық температураның әсерінен, химиялық 
күшті 
қышқылдардың, 
сілтілердің 
әсерлерінен 
немесе 
физикалық (электр ағымының, радий белсенді заттардың 
әсерлерінен) ықпалдардан дамуы мүмкін. Сондықтан ыстық 


40
температураның әсерінен дамитын күйікті температуралық 
күйік 
деп 
ажырату 
қажет. 
Қалған 
күйіктер 
сәйкес 
тарауларда қаралады. 
Оттың жалыны, ыстық су, бу немесе 45-50° С-дан астам 
қызған заттар дене мүшелеріне тигенде температуралық 
күйік дамиды. Бұл кезде 
тіндердің бүліну тереңдігіне 
байланысты күйіктің төрт дәрежесін ажыратады: 1. терінің 
қызаруы; 2. күйген жердің күлдіреуі; 3. терінін некрозы 
және жаралардың пайда болуы; 4. тері мен оның астында 
жатқан тіндердің толық некрозы немесе тіндердің көмірге 
айналуы. 
Ыстық температураның жергілікті әсер ету жолдары тін 
нәруыздарының 
ұюымен, 
жасушалардың 
тіршілігін 
жоғалтуымен, 
тіндердің 
некрозымен, 
қабыну 
дамуымен 
байланысты. 
Күйіктің организмге әсері бүлінген тері қабатының 
аумағына байланысты. Дененің 10-15%-нан астам аумағының 
терең күйіктері тұтас организмнің бүліністеріне, ішкі 
ағзалар мен жүйелердің бұзылыстарына әкелетін ауру 
туындатады. Бұл ауруды 
күйіктік ауру
дейді. Ол келесі 
сатыларда өтеді
: 1. күйіктік сілеймен (шок), 2. күйіктік 
уыттану, 3. күйіктік жұқпалар, 4. күйіктік арып-азу, 5. 
сауығу. 
Күйіп қалған жерден орталық жүйке жүйесіне қатты ауыру 
сезімі беріледі. Осыдан қан тамырларының қимылдық және 
тыныс алу орталықтары алдымен қатты қозып, артынан 
әлсірейді. Қан қысымы төмендеп, ағзалар мен тіндерде 
майда қан айналым бұзылады, күйіктік сілейме (шок) 
дамиды. Оның дамуына бүлінген тіндерде нәруыздардың 
ыдырауынан пайда болған уытты заттардың қанға түсуі, 
қанның сұйық бөлшектерінің тамыр сыртына шығып кетуінен 
қоюлануы мен аққыштық қабілетінің бұзылыстары қолайлы 
ықпал етеді. Бұл кезде су мен электролиттердің алмасуы 
бұзылады. Күйгеннен кейін алғашқы сағаттарда бүлінген 
тіндерде натрий көптеп ұсталып қалады, артынан натрий мен 
су қан плазмасынан жасушаларға ауысады. Осыдан жасушалар 
ісінеді. Бұл жағдайды күйіктік сілеймені емдеу үшін 
изотониялық сұйықтарды қанға енгізу кездерінде есте 
сақтау қажет. Олар тез жасушаларға еніп кетуі мүмкін. 
Бүлінген жасушалардан калий көптеп қанға түседі, 
гиперкалиемия дамиды. Ол жүректің жиырылғыштық қасиетін 
төмендетіп, жүрек аритмиялары дамуына әкеледі. Күйік
эритроциттердің қатты гемолизін туындатады. Осыдан 
қан плазмасында гемоглобиннің мөлшері артады, оның 
несеппен шығарылуы ұлғаяды, бүйрек қызметінің жіті 


41
жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл организмнің уыттануын 
одан сайын күшейтеді. 
Күйіктік ауру кезінде тіндердің нәруыздары көптеп 
ыдыратылады. 
Бүлінген 
жасушалардан 
протеолиздік 
ферменттердің қанға түсуі тіндердің антигендік қасиетін 
өзгертіп, аутоиммундық құбылыстардың дамуына әкелуі 
мүмкін. 
Бұл ауру әртүрлі жүқпалармен жиі асқынады. Олардың 
уыттары организмді одан сайын уыттандырады. Бұл жұқпалар 
организмге бүлінген тері арқылы өтеді және ішектердің 
микробтары қанға түседі. Күйіктік ауру кезінде терінің 
бүлінуі оның тосқауылдық қызметін әлсіретеді, бір ядролы 
фагоциттер жүйесінің қызметі бұзылады және ішек-қарын 
жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті 
азаяды. 
Бұл аурудың нәтижесінде организмнің қатты үдемелі 
арып-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі агзалардың 
дистрофиялық өзгерістері, өкпе мен бүйректің қабынуы, 
бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының әлсіреуі т.с.с. 
құбылыстар байқалады. 
Күйіктік ауру жеңіл түрде өтсе артынан организмнің 
сауығуы болады. Бүл кезде бүлінген тін толығынан 
аласталынып, оның орнына тыртық тін қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет