Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет28/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

теңгерілген саты
дейді. Суық температура ары қарай 
әсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру 
мүмкіншіліктері 
азайып, 
гипотермияның 
теңгерілмеген 
сатысы
дамиды. Бұл кезде дене қызымы төмендейді
бұлшықеттердің қалтырауы болмайды, зат алмасуларының 
қарқыны азаяды, терінің қан тамырлары кеңіп кетеді. Қан 
тамырларының қимылдық орталығы тежеліп, жүрек соғуы, 
тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы төмендейді. 
Терең 
гипотермия 
кезінде 
орталық 
жүйке 
жүйесінің 
тежелуінен адам терең ұйқыға батады, біртіндеп тыныс 
орталығы 
мен 
қан 
тамырларының 
қимылдық 
орталығы 
әлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады. 
Сонымен бірге, шамалы гипотермия ішкі ағзалар мен 
тіндерде зат алмасу қарқынын төмендетіп, оттегінің 
жетіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бұл кезде 
организмнің тұрақтылығы уыттарға, жұқпаларға, механикалық 
жарақаттарға, электр соққыға т. б. қолайсыз ықпалдарға 
жоғарылайды. Сондықтан дене қызымын жасанды түрде 
төмендету (гибернация) организмнің оттегіге мұқтаждығын 
азайту үшін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін 
клиникалық медицинада кеңінен қолданылады. 
Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің 
үсуімен көрінеді. 
Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген 
мүшенің қызаруы, екінші дәрежесінде күлдіреуі, үшінші 
дәрежесінде өлеттенуі болады
. Бұлай ажырату шартты түрде 
ғана 
дұрыс. 
Бірінші 
дәрежесі 
ары 
қарай 
суық 
температураның әсері тоқтағанына қарамай екінші, үшінші 
дәрежелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі 
тіндердегі коллоидтардің өзгерістерімен, қылтамырларда 
қан 
ағымы 
мен 
оның 
реологиялық 
қасиеттерінің 
бұзылыстарымен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет