Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жоғары барометрлік қысымның әсері. Кессон ауруы



Pdf көрінісі
бет26/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жоғары барометрлік қысымның әсері. Кессон ауруы

Терең суга сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында 
жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік 
қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10,3 м. су асты 
тереңдікте барометрлік қысым 1 атмосфераға көтеріледі. 
Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға 
тез ауыс-қанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол, 
әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан құлақтың 
жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі 
бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру 
сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып 
қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен 
тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе 
ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының 
дамуына қолайлы жағдай пайда болады. 
Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың 
сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны 
сатурация
дейді. 
Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп 
болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. 
Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады. 
Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға 


38
(наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы 
әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі, 
жүйкелік-еттік 
үйлесімділіктің 
бұзылуы, 
естен 
тану 
дамиды. Бұл дерттік құбылыстардан сақтандыру үшін терең 
су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен 
оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары 
қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және 
ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып 
есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда 
барометрлік қысымның әсері азайып, декомпрессия дамиды. 
Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық қысымға 
шығарудан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет