Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет27/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

декомпрессиялық
немесе 
кессондық ауру
дамиды. 
Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі 
организм 
сұйықтарында 
еріген 
газдар 
тез 
жоғары 
көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы 
сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан 
тамырларының ішінде қалып, газдық эмболия дамуына 
әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып 
қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің 
тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін. 
ТЕМПЕРАТУРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ.
Төмен температуралардың 
 
әсері

Гипотермия

Суық температура адам денесінің жалпы мұздауына немесе 
дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның 
организмге әсері оның ылғалдығынан, түрінен (суық ауа, 
суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан, 
адамның үстіндегі киімінен, тері астындағы шелмайының 
қалыңдығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты. 
Дененің 
мұздауы 
— 
дене 
қызымының 
төмендеуіне 
(гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу реттелуінің 
бұзылуы. Бұл кезде дене қызымының төмендеуі (гипотермия): 
● жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден; 
● жылудың өндірілуі азайып кетуден; 
● жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен 
бұзы-лыстарынан болуы мүмкін.
Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты түрде 
өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен 
дамиды. Сондықтан суық температура әсер еткенде терінің 
қан тамырларының жиырылуы болады, тер бөліну тоқтайды, 
тыныс алу сирейді. Осы жолдармен жылудың организмнен 
сыртқа шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның 
әсеріне жауап ретінде бұлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен 
бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның 
көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудың артуы, зат 


39
алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу өндірілу 
артады. Осылай суық температураның әсеріне организм 
жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін 
арттырып, дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл 
сатыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет