Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет25/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

биіктік ауруы
дамиды. 
Оның 
негізгі 
себебі 
болып 
организмге 
оттегінің 
жетіспеушілігі, 
содан 
қанның 
оттегіге 
қанықпауы 
(гипоксемия) есептеледі. Бұндай жағдай биік таулардың 
шыңдарына шыққан адамдарда да байқалады. Бұл кездегі 
организмнің дерттік өзгерістерін 
таулық ауру
дейді. 
Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Таулық ауру 
адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен, 
ол бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды. 
Биіктік ауруы өте тез дамиды және организмнің тым ауыр 
бұзылыстарына әкеледі. Бұл ауру кезінде биікке көтерілген 
адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, масаттанып, ешбір 
ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секунд-
минуттардың ішінде есінен танып қалады. 
Таулық 
ауру 
екі 
сатыда 
өтеді. 
Бірінші 
сатысы 
теңгерілген, 
екінші 
сатысы 
теңгерілмеген 
делінеді. 
Теңгерілген сатысы 1000—4000 м. биіктікте байқалады. 
Демалатын ауада оттегінің үлестік қысымы азайғандықтан, 
артериалық қанда оттегінің деңгейі төмендеген, ішкі 
ағзалар 
мен 
тіндерге 
оның 
тасымалдануы 
бұзылған. 
Сондықтан оларда зат алмасулары соңғы өнімдеріне дейін 
жүрмей 
аралық 
қышқыл 
өнімдер 
жиналып 
қалады, 
метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің тапшылығы, 
жиналған қышқыл өнімдер қан тамырларындағы химиялық 
рецепторлар арқылы рефлекстік түрде мидағы тыныстық және 
тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады: тыныс алу
жүрек соғуы жиілейді. Бұл кезде симпатикалық жүйке 
жүйесінің межеқуаты (тонусы) көтеріледі. Осыдан шеткері 
қан тамырларының, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы, 
терінің 
бозаруы, 
артериалық 
қан 
қысымының 
аздап 
көтерілуі, 
қанның 
жиналған 
қорларынан 
тамырларға 
шығарылуы болады. Шеткі қанда эритроциттер көбейеді. Ары 
қарай сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі артады. 
Содан шеткері қанда олардың саны шынайы көбейеді және жас 
эритроциттер (ретикулоциттер) пайда болады. Сонымен бірге 
гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру қабілеті 
көтеріледі және тотыққан гемоглобиннің тіндерге оттегін 
беруін жеңілдетеді. Тіндерде заттар алмасуының анаэробтық 
жолмен жүруі артады. Сол арқылы организм тіршілігіне 
қажетті азды-көпті қуат (АТФ, КрФ) өндіріледі. Бұл 
келтірілгендер 
оттегінің 
жетіспеушілігіне 
қарсы 
бағытталған 
организмнің 
теңгеру-икемделу 
жолдарына 


37
жатады. Дегенмен, бүл кезде орталық жүйке жүйесінде қозу 
үрдісі басым болады, адамның жөнсіз қызбалығы, өз 
жағдайын дүрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының 
үйлесімсіздігі 
байқалады. 
Адам 
тоқмейілсіп, 
көп 
жағдайларға мән бермейді, араққа мас болған адамдай көңіл 
күйін шаттық билейді (эйфория). 
Ары қарай 5000 м биіктіктен астам көтерілгенде таулық 
аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бұл кезде терең жиі 
тыныс алудың нәтижесінде организмнен СО
2
артық шығарылып 
кетеді. Қоректік заттардың толық тотықпауынан тіндерде 
СО
2
газының түзілуі азаяды. Осы екі жағдайдан организмде 
(қанда) СО
2
 
газының деңгейі төмендейді, гипокапния 
дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс 
алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың 
қозымдылығы азаяды. Енді көңіл-күйдің көтеріңкілігі 
(эйфориясы) 
қатты 
түнжыраумен 
(депрессия) 
ауысады, 
орталық жүйке жүйесінің тежелуі болады. Бұл кезде науқас 
адамның 
қимыл-қозғалысы 
азаяды, 
тез 
шаршағыштығы 
байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады, 
ол терең ұйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы 
сиреп, үзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда 
болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гапокапниядан және 
алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығының салдануы 
адамның өліміне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет