33
бұзылады.
Соққының әсерінен пайда болған жарақаттардың түрі:
● әсер еткен бүліндіргіш ықпалдың түрінен (оның өткір
немесе доғал зат болуынан,
мылтықтың оғы немесе қанжар,
сұйықпен немесе газдардың қатты толқынымен болуынан);
● қозғалып келіп тиген заттың жылдамдығынан және оның
кинетикалық қуатынан;
● дененің зақымдаушы әсермен түйісу бетінен;
●
жалпы
организмнің
және
зақымданған
тіннің
жағдайларынан -байланысты. Доғал заттармен соғылғанда
дененің тері қабаты кейде бүлінбей,
ішкі ағзалардың
(бауырдың, бүйректің, ішектердің, өкпенің) жыртылуы,
содан ішке қан кетулер болатыны белгілі.
Соққының әсерінен көптеген
сезімтал қабылдағыштар
(рецепторлар) және жүйкелердің талшықтары бүлінгенде
жергілікті ағзалар мен жұмсақ тіндердің зақымдануы тұтас
организмнің бұзылыстарымен қабаттасады. Осыдан жарақаттық
сілейме (травмалық шок) дамиды (шокты қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: