Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет18/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

этиологияны 
ауру 
туындататын 
себептік 
байланыстарды зерттейтін ілім деп анықтау жөн. 
Себепкер 
ықпал 
әрдайым 
қоршаған 
ортаның 
және 
организмңің өзінің белгілі жағдайларында әсер етеді. Бұл 
жағдайлар 
дерт 
туындауына 
қолайлы 
немесе 
одан 
сақтандыратын 
болып ажыратылады . 
Ауру туындауына қолайлы жағдайларға: қатты қалжырап 
шаршау, асқа жарымау, суық тию, қоршаған ортаның иондағыш 
сәулелердің шамалы мөлшерімен немесе химиялық улы 
заттармен 
ластанулары, 
адамның 
қартаюы, 
тұқым 
қуалаушылыққа 
бейімділігі, 
алдында 
бір 
аурумен 
сырқаттанып тұруы т. т. жатады. 
Себепкер ықпалға 
қарағанда аурудың дамуында бұл жағдайлардың әрдайым болуы 
міндетті емес

Аурудан сақтандыратын жағдайларға: салауатты өмір 
салтын сақтау, дұрыс қоректену, жұмыс пен демалу тәртібін 
сақтау, таза ауаға жиі шығып тұру, үй тұрмысының 
дұрыстығы т. т. жатады. 
Сайып келгенде аурудың этиологиясын адам тәнінің 
жағдайларынан жеке дара ажыратып қарауға болмайды. 
Себепкер ықпал мен организм өзара тығыз байланыста және 


30
әсерлерде болады. Осы өзара әсерлердің бұзылыстары ғана 
ауру туындауына әкеледі.
Аурудың пайда болуындағы себептік байланыстарды ажырату 
арқылы емдік тәсілдерді тиімді қолдануға болады. 
Этиологияның негізінде аурудан сақтандыру және емдеу 
шараларының ұстанымдары. 
Аурудан алдын-ала сақтандыру немесе емдеу үшін оны 
туындатқан себептік байланыстарын, себепкер ықпалды 
анықтау қажет. Осы себепкер ықпалға қарсы бағытталған 
алдын-ала сақтандыру және емдеу шараларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет