27
«
оттегілік - парадокс
» әсері жасушаладың мембраналарында
майлардың асқын тотығуын тым арттырып жіберетіні белгілі
болды.
Майлардың
асқын
тотық
радикалдары
барлық
биологиялық мембраналардың бүлінуін туындатады. Бұл кезде
жасушалардың сыртқы мембраналары бүлініп қана қоймай,
жасуша ішілік құрылымдардың да мембраналары бұзылады.
Митохондрийлардың
мембраналары
бұзылуынан
тіндерде
тотығу-тотықсыздану
реакциялары
нашарлап,
энергиялық
тапшылық жағдайы дамиды. Лизосомалардың мембраналарының
бүлінуі себепті олардың протеолиздік ферменттерінің
белсенділігі көтеріліп, айналасындағы тіндердің ыдырауы
күшейеді. Ядроның мембранасы бүлінуінен майлардың бос
радикалдары жасушаның гендік құралдарын бұзып, нәруыздар
түзілуін бүлдіреді. Осыдан келіп барлық ағзалардың
құрылымдары мен қызметтері бұзылады.
Жүрек-тамыр жүйесінде жүректен шығатын қан мөлшері,
айналымдағы қан көлемі азаяды, яғни гиповолемия дамиды,
артериялық-веналық
қан
қысымы
төмендейді.
Көптеген
ағзаларда майда қанайналым (микроциркуляция) бұзылады.
Мидың
және
өкпенің
ісінуі
байқалады.
Бұл
кезде
эндокриндік бездердің, жүректің, бауыр мен бүйректің, ас
қорыту ағзаларының, өкпенің бұзылыстары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: