Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет13/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ремиссия 
— деп науқас адамның жағдайының уақытша 
түзелуін түсінеді. Бұл кезде аурудың ары қарай дамуы 
баяулайды немесе тоқтайды, тіпті дерттің клиникалық 
көріністері толық жоғалады. Ремиссия организмнің сауығуы 
емес, ол аурудың қайталануымен ауысады. 
Қайталану 
(рецидив)— аурудың клиникалық көріністерінің 
уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы. Ол ауруды емдеу 
кездерінде 
дертті 
туындатқан 
ықпалдардың 
толық 
аластанбауымен байланысты болады. Осының нәтижесінде бұл 
аурудың қайта дамуы мен оның клиникалық көріністері 
қайталануы ықтимал. 
Асқыну 
— организмде бар ауру бойынша екінші үрдіс. Ол 
негізгі 
аурудың 
ерекшеліктерімен 
байланысты 
немесе 
өткізілген аңғарымдық және емдік шаралардың күтпеген 
салдарлары ретінде пайда болады. Тез қан кету тамыр 
ішіндегі шашыранды қан үю синдромымен асқынуы мүмкін. 
Қантты диабет бүйрек қызметі бұзылуымен, кома дамуымен, 
артериялық гипертензия миға қан құйылуымен асқынулары 
мүмкін.
Өлім 
— организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи 
және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи 
өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, 
ол 
организмнің 
әбден 
қартайып 
тозуынан 
дамиды. 
Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста 
болуы мүмкін. Өлімнің түрлерімен патанатомия, соттық 
медицина 
пәндері 
таныстырады. 
Олардың 
ішінде 
патофизиология пәні үшін маңыздысы өлімнің сатылары. Өлім 
преагония (жантәсілім алды), ақтық (терминалдық) үзіліс, 
жантәсілім (агония), клиникалық өлім және биологиялық 
өлім сатыларынан тұрады: 
Жантәсілім алды 
кезінде
ө
ліп бара жатқан адам есінен 
айырылады, рефлекстері жоғалады, науқастың жүрек соғуы 
жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тынысы үзілісті 
тыныстарға (Чейн-Стокс, Биот тыныстарына) ауысады. Кейін 
тынысы, жүрек соғуы тоқтайды, б. а. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет