Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет9/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ НЕГІЗДЕРІ. 
Пайда болу себептеріне қарай:
туа біткен және жүре 
пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: 
тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі 
ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі 
кесепаттардан дамитын болады. Жүре пайда болған аурулар: 
жұқпалы (инфекциялық) және жұқпалы емес (бейинфекциялық) 
болуы ықтимал.
Даму жолдарына қарай
оларды: тектік, аллергиялық, 
қабынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік реттелулік, 
жүйкелік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.
Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай: 

қауырт,
● 
жіті,
● 
жітілеу,
● 
созылмалы (сүле) ауруларға ажыратылады. 
Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 тәулік 
аралығында, жітілеу ауру 15-40 тәулік аралығында, 
созылмалы ауру бірнеше ай – жылдар бойы өтеді.
Дерттің арнайы өзгерістерінің денедегі деңгейіне 


21
қарай:
молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп 
бөлінеді.
Науқас 
адамдардың 
жасына 
қарай

жаңа 
туған 
нәрестелердің, 
балалардың, 
ересек 
адамдардың 
және 
қарттардың аурулары болады;
Жынысына қарай: 
әйелдердің, еркектедің ауруларьш 
ажыратады. 
АУРУЛАРДЫҢ ӨТУ КЕЗЕНДЕРІ. 
Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:
● аурудың бастапқы кезеңі;
● аурудың айқындалу кезеңі;
● аурудың аяқталуы мен салдарлары. 
Аурудың бастапқы кезеңін ауру алды дейді. 
Ауруалды жағдай - деп қоршаған ортаның жағдайларына 
организмнің 
икемделіп-бейімделу 
мүмкіншіліктерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет