Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет5/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жалпы нозология
Нозология (гректің nоsоs — ауру, дерт, Іоgоз — ілім) 
ауру туралы жалпы ілім. Бұл медицина ғылымының ең бір 
көне күрделі мәселесі. 
Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін 
түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық 
зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз 
белгілері әлі жинақталмаған. Мысалы, егер 1000 дені сау 
деген адамды әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін 
сипаттайтын 
100 
көрсеткішпен 
тексерсе, 
онда 
тексерілгендердің 0,6% ғана сау адамдарға ілінетіні 
байқалған. Осыдан адамдардың барлығы бірдей ауру деуге 
болмайды. Егер организмнің сыртқы қоршаған орта (адам 
үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті 
бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. 
Денсаулықтың физиологиялық өлшемі болып қалыптылық немесе 
белгілі бір тұрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық 
(қан қысымының деңгейі, дененің температурасы, қан 
жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, 
нәруыздардың т. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің 
көпшілікке 
тән 
арифметикалық 
орташа 
денгейімен 
анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы 
мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында 
эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп 
болады. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында 
глюкозаның мөлшері мен қан қысымы көтерілуі байқалады. 
Тамақ ішкеннен кейін шеткері қанда лейкоциттердің саны 
көбейеді. Міне осындай т. б. жағдайларда бұларды ауру 
адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа 
арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды 
жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін. 
Сондықтан 
денсаулыққа 
анықтама 
беруге 
тырысудың 
көптеген ұмтылыстары бар. Оның бәріне тоқталу мүмкін 
емес. 1946 ж. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) 
денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық 
дегеніміз денеде дерт немесе жай көзбен көрінетін 


18
ақаулардың болмауы ғана емес, адамның көңіл-күйі мен 
әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Бұл анықтамада 
қоршаған ортамен организмнің байланысы мен өзарақатынасы 
ескерілмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет