Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет8/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

АУРУДЫҢ НЫШАНДАРЫ 
Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары 
болуы қажет:
● тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) 
немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі
● 
дерттің 
айғақты 
әйгіленімдері 
(объективтік 
симптомдары);
● 
қоршаған 
ортаның 
ықпалдарына 
науқас 
адамның 
икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі. 
Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп 
айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп 
шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік 


20
науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай 
айлакерлікті соғысқа қатыспау үшін жасайды. Кейде 
өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан 
жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы 
таныса бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол 
аурулардың белгілерін өздерінде табу жиілейді. Бұндай 
аурулар 3-курс студенттерінің аурулары делінеді. Кейде 
науқас адам өзінде бар ауруды үзақ уақыт сезбеуі ықтимал. 
Артериалық 
гипертензиялар, 
бүйрек 
аурулары, 
қантты 
диабет, өспелердің т. б. көптеген аурулардың бастапқы 
кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін. 
Аурудың 
айғақты 
әйгіленістері 
(объективтік 
симптомдары) медициналық аспаптармен клиникалық және 
зертханалық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде бұл 
әйгіленістердің болуы да әлі ауру деуге негіз бермейді. 
Мәселен, адамның қанында глюкозаның тамақ ішкеннен кейін 
деңгейі әдеттегіден жоғары болады Таулы жерлердің 
тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болатыны 
белгілі. 
Аурудың үшінші нышаны — қоршаған ортаның ықпалдарына 
науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің 
шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің 
төмендеуі байқалады. 
Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда 
ғана оны ауру деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет