Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет16/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ 
Этиология (гректің аitia - себеп, lоgоs - ілім деген 
сөздерінен тұрады)— аурудың пайда болуындағы себептік 
байланыстарды 
зерттейтін 
ілім

Қысқа 
мағынасында 
этиология деп ауру туындатқан себепкер ықпалды түсінеді. 
Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. 
Бұл ықпалдар бір-бірімен және адам тәнімен өзара 
әсерлерде, арақатынастарда болады. Ұдайы өзгеріп тұратын 
қоршаған 
ортаның 
және 
ұдайы 
дамып 
тұратын 
адам 
организмінің жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін-
бірі күшейтіп немесе әлсіретіп тұрулары ықтимал. Мәселен, 
іш сүзегі, тырысқақ, оба, сатқақ (дизентерия) т. б. 
аурулардың індеттері тек жазғы ыстық айларда, ал тұмау, 
бөртпе сүзек т.с.с. аурулардың індеттері тек жылдың 
салқын айларында кездеседі. Кейбір індеттердің тарауы күн 
жүйесінің оралымдары мен күннің белсенділігіне байланысты 
екендігі белгілі. 
Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, 
оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы
жағдайлар – деп ажырату өте маңызды. 
Себепкер ықпал

деп 
ауру дамуына міндетті болатын және сол ауруға ғана тән 
арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпалды айтады.
Мәселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен 
дамиды және сол туберкулезге ғана тән (ағзаның созылмалы 


28
қабынуы, дене қызымының шамалы көтерілуі, организмнің 
уыттануы т.с.с.) әйгіленімдермен көрінеді. Суық тигенде 
баспа, бүйрек қабынуы, өкпе қабынуы, буындардың қабынуы, 
үсік, дененің мұздауы (гипотермия) т.б. біршама дерттер 
дамуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде үсік пен дене 
мұздауына ғана суық температура себепкер ықпал болады. 
Ал, басқа аурулар кездерінде суық тию организмнің 
төзімділігін төмендететін қолайлы жағдай болады. Бұл 
аурулардың себепкер ықпалы болып негізінен стрептококктық 
немесе пневмококктық жұқпалар есептеледі. Өйткені суық 
температура үсік пен дене мұздауының ғана арнайы 
әйгіленімдерін (жергілікті тін үсігін немесе дене 
қызымының төмендеуін) айқындайды, басқаларының арнайы 
көріністері стрептококктармен немесе пневмококктармен 
айқындалады. Пневмококктардың әсерінен тек өкпе қабынуы 
(пневмония), стрептококктардың әсерінен баспа, бүйрек 
қабынуы, буындардың қабынуы т.б. дамиды. 
Мына жағдайларда: 
● әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда; 
● әсер еткен ықпалдың қарқыны мен дерттің ауырлығы 
арасында пара-парлық байланыс болғанда; 
● әсер еткен ықпалды организмнен аластағанда дерттің 
өту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда
● 
әсер 
еткен 
ықпалдың 
көмегімен 
тәжірибелік 
жануарларда аурудың үлгісін алуға болғанда - ауру дамуына 
себепкер ықпал деуге болады. 
Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер 
ететін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет