Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет12/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

шала 
клиникалық 


23
құбылыстарды 
сақтауға 
бағытталған 
нейрогуморалдық 
реакциялар жатады. 
Салыстырмалы тұрақты организмнің қорғану-икемделу 
жолдары аурудың барлық сатыларында байқалады. Оларға 
мыналар жатады: 
● 
бүлінген 
ішкі 
ағзалардың 
қосымша, 
қалыпты 
жағдайларда пайдаланылмаған мүмкіншіліктерінің қосылуы. 
Мәселен, сау адамда өкпенің тыныстық бетінің 20-25% ғана 
пайдаланылады. Өкпенің қабынуы кезінде әдетте тынысқа 
қатыспайтьш қосымша тыныстық бет қосылып, керекті 
газдардың алмасуы қамтамасыз етіледі. Сау адамдарда жүрек 
еті қуатының 20%, бүйрек шумақтарының 20-25%, бауыр 
жасушаларының 12-15% ғана пайдаланылады. Әртүрлі аурулар 
кездерінде организмде қалыпты жағдайда пайдаланылмаған 
қосымша қуаттар қосылады да, сауығуға қолайлы жағдай 
туындатады; 
● көптеген қосымша реттеу жүйелерінің қосылуы. 
Мәселен, 
термореттелудің 
жоғары 
деңгейге 
ауысуы, 
лейкоциттердің өндірілуі артуы; 
● көптеген уларды бейтараптау үрдістері (қан мен 
тіндердің 
нәруыздарымен 
байланыстыру, 
тотығу-
тотықсыздану, метилдеу, алкилдеу, бауыр жасушаларында 
микросомалық тотығу т. б.) сергуі; 
● бір ядролы макрофагтар жүйесінің белсенділігі артуы. 
Бұл жүйенің жасушалары жаралардың бітуінде, тіндердің 
қабынуында, 
иммундық 
және 
аллергиялық 
серпілістер 
дамуында маңызды қызмет атқарады. 
Тұрақты 
қорғану-икемделу 
тетіктердің
негізінде 
гипертрофия, гиперплазия, тіндердің регенерациясы дамуы 
жатады. Мәселен, қан кеткеннен кейінгі эритропоэздің 
артуы, 
организмнің 
иммундық 
реакциялары 
(антидене 
өндірілуі, Т- және В- лимфоциттердің өсіп-өнуі), жүрек 
етінің гипертрофиясы кейде көп айларға және жылдарға 
сақталады. 
Осы 
көрсетілген 
тетіктердің 
нәтижесінде 
ауру 
организмнің сауығуы болады. Сауығу толық немесе жартылай 
болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу тетіктері жеткіліксіз 
болғанда, дұрыс ем тәсілдері қолданылмағанда т.с.с. 
жағдайларда сауығу толық болмайды. Мысалы, ревмокардиттен 
кейін жүрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мүмкін. 
Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын тыртықтар қалуы 
ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму 
жолдарында 
пайда 
болған 
өзгерістер 
тоқталмаған 
жағдайларда 
ауру 
созылмалы 
түрге 
ауысады. 
Кейбір 
аурулардың 
созылмалы 
түрде 
өтуі 
олардың 
себепкер 


24
ықпалдарына байланысты болады. Мәселен, туберкулез, сарып 
т.б. дерттердің қоздырғыштары макрофагтардың іштерінде 
тіршілігін ұзақ сақтап, олардың әсерленуіне әкеледі. 
Содан созылмалы түйіршіктелген қабыну дамиды. Дерттің 
созылмалы түрде өтуінде ремиссия, рецидив (қайталану), 
асқыну деген түсініктерді атай кету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет