шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады . Бұл
кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады.
Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап
аурудың алғашқы клиникалық көріністеріне дейінгі уақытқа
созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде
әйгіленімсіз немесе инкубациялық ,
химиялық
заттармен
уланулар,
сәулелік ауру т. б. кездерінде
жасырын немесе латенттік, өспелер дамуында —
өспе алды немесе обыралды кезең
делінеді.
Бұл
сатының
ұзақтығы
бірнеше
секундтан
(уланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер
дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың
ешқандай көріністері болмайды. Артынан аурудың алғашқы
хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-
жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т.
с. с. әйгіленімдер пайда болады. Бұл аурудың басталу
сатысын
хабаршы (продромалық) сатысы дейді.
Осыдан
кейін
аурудың
екінші
айқындалу кезеңі басталады,
оның
барлық
клиникалық
әйгіленімдері
(симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана
тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларга
жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады.
Сонымен
бірге,
аурудың
әйгіленімдері
(симптомдары)
тұлғалық
(субъективтік)
және
айғақты
(объективтік)
болады. Жекелеген аурулардың әйгіленімдеріне клиникалық
пәндер тоқталады.
Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру
адамның сауығуымен аяқталады (1-сызбанұсқа).
1-сызбанұсқа