Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Дерттік серпіліс — организмнің немесе оның кейбір



Pdf көрінісі
бет7/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Дерттік серпіліс — организмнің немесе оның кейбір 
жүйелерінің 
әдеттегі 
немесе 
ауру 
туындататын 
қоздырғыштардың 
әсерлеріне 
биологиялық 
мәнсіз 
және 
сәйкессіз жауап қайтаруы
. Мәселен, көпшілік адамдар елей 
бермейтін, назар аудармайтын шаң, өсімдік тозаңдарына т. 
б. заттарға кейбір адамдар түшкіріп, көзінен жас ағып 
жауап қайтарады. Кейбір адамдарда дәрілердің әсерінен 
анафилаксиялық сілейме (шок) дамиды. 
Дерттік үрдіс — бүлінген тіндер мен ағзалардағы әрі 
зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің біріккен 
жиынтығы. Ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне 


19
заңды түрде пайда болатын организмдегі серпілістердің 
тізбегі.
Мәселен, тез дамитын кейбір тіндердің қабынуы. 
Бұл кезде кейбір ағзалар мен тіндердің құрылымы мен 
қызметінің 
бұзылыстары 
жалпы 
организімнің 
ауруына 
әкелмейді. Мысалы, теріскен, сыздауық, пульпит (тіс 
ұлпасының қабынуы), шиқан. Дерттік үрдістер көптеген 
аурулардың даму негізінде жатады. 
Дерттік жағдай — организм үшін кері биологиялық мәні 
бар қалыптан тыс тұрақты ауытқуы. Ол өте сылбыр дамитын 
дерттік үрдіс немесе оның салдары
. Мысалы, тері мен 
шелмай өзектерінің қабынуы дерттік үрдіс болады. Осы 
қабынудың нәтижесінде организмде көптеген жыл сақталатын 
тыртық жиі дамиды. Тыртық тінінде басқа тіндердегідей зат 
алмасуы өтеді. Тыртық сылбыр өтетін патологиялық үрдіс, 
басқаша айтқанда дерттік жағдай және ол мида, жүректе, 
бауырда т. б. ішкі ағзаларда қалыптасуы мүмкін. Сонымен, 
алғашқы іріңді қабыну — дерттік үрдіс ретінде біртіндеп 
тыртыққа айналып бітуінен дерттік жагдайға ауысады. 
Кейде кері бағытта ауысуы да мүмкін. Мысалы, туа 
біткен мең немесе қал (дерттік жағдай) механикалық 
қоздырғыштардың, күн сәулелерінің әсерлерінен қатерлі 
өспе - меланомаға, былайша айтқанда дерттік үрдіске 
айналуы мүмкін. 
Дерттік үрдіс немесе дерттік жағдайдың болуы әлі жалпы 
организмнің ауруы болғаны емес. Қосымша факторлардың 
әсерінен олар толық көлемді ауруға айналуы мүмкін. 
Мәселен, терідегі бір шаш қалтасының қабынуы (сыздауық, 
шиқан) 
дерттік 
үрдіс 
болады, 
бірақ 
тұтас 
адам 
организмінің ауруы емес. Ал, осы қабынудың көптеп бірінің 
артынан бірі шығуы «фурункулез» деп аталған қауіпті 
ауруға әкеледі. Бұл кезде дене қызуы көтеріледі, зат 
алмасулары өзгереді, ас қорыту ағзаларының, жүйке 
жүйесінің т. б. ішкі ағзалардың бұзылыстары байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет