Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет22/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ШУ МЕН ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ.
Шу — айналадағы тыныштықты бұзатын, пайдалы дыбыстарды 
қабылдауға бөгет жасайтын, адамға теріс ықпал ететін және 
оның еңбекке қабілеттілігін төмендететін жағымсыз және 
қолайсыз дыбыстардың жиынтығы
. Адамның құлағы 16 дан 2000 
Гц жиіліктегі дыбыстардың толқындарын қабылдайды. 1 
мкВт/см
2
-тен жоғары дыбыстың қарқыны есту талдағышына 
(анализаторына) бүліндіруші әсер етеді. Дыбыстың қарқыны 
3 кВт/см
2
асып кеткенде адам есінен танады, аяқ-қолының 
салдануы болады және селкілдек дамиды. 
Шудың бүліндіргіш әсері оның қаттылығы мен жиілігіне 
байланысты. Жоғары жиіліктегі дыбыс толқындары организм 
үшін зияндырақ болады. Организмге бүліндіргіш әсер 
етпейтін дыбыстың қаттылығы 40—50 дБ-ден аспауы керек. 
Оның қаттылығы 80 дБ болса, ол адам денсаулығына зиянды 
әсер етеді. 
Адам организміне шу арнайы (спецификалық) және 
бейнақты (бейспецификалық) ықпал етеді. Оның арнайы әсері 
есту талдағышының қызметін бұзумен байланысты. 80—100 дБ 
қаттылығы бар шу құлақтың есту қабілетін төмендетеді, 
біртіндеп 
оның 
мүкістігіне 
әкеледі. 
Шудың 
есту 
талдағышына 
бүліндіруші 
әсері 
организмнің 
даралық 
сезімталдығына байланысты және қарт адамдарда ол айқыи 
көрінеді. 
Шудың адам организміне бейспецификалық әсері мидың 
сыртқы қыртысына, гипоталамусқа, лимбикалық жүйеге, 
жұлынға қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың әсерінен 
орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады


34
артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатты 
қызбалығы, сезім билеуі, ұмытшақтығы, ынтасы мен еңбекке 
қабілеттілігінің 
төмендеуі 
байқалады. 
Гипоталамустың 
қозуынан кортиколиберин артық өндіріліп, аденогипофиз бен 
бүйрек үсгі бездерінің сыртқы қабатының қызметтері 
көтеріледі, стресс дамиды. Жұлынның қозуынан және қозудың 
дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің орталықтарына 
тарауынан 
көптеген 
ішкі 
ағзалардың 
қызметтерінің 
өзгерістері 
байқалады. 
Осыдан 
жүрек-қан 
тамырлары 
жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет