Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


иурездің біртіндеп қалпына келу сатысында



Pdf көрінісі
бет553/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

иурездің біртіндеп қалпына келу сатысында 
несеп 
шығарылу ақырындап көбейеді. Бүйректе қан айналымының 
біртіндеп қалпына келуінен нефрон шумақтарында несеп 
сүзілу және өзекшелердің өтімділігі жақсара бастайды. 
Тіректік мембраналары сақталған нефрондардың шумақтары мен 
өзекшелердің эпителий жасушалары біртіндеп қалпына келеді. 
Осыдан несеп шығарылу ақырындап қалыпты денгейге дейін 
көтеріледі, артынан 
полиурия
дамиды. Тәуліктік диурез 
бірнеше литрге дейін көбейеді. Бірақ қалпына келе бастаған 
өзекшелердің эпителий жасушалары әлі бүйректің қоюландыру-
сұйылту қабілетін орнына келтіре алмайды. 
Несептің 
меншікті тығыздығы төмен болады (гипостенурия). Бұл кезде 
зәр көп шығарылуынан организмнің сусыздануы болуы мүмкін. 
Зәрмен калий, магний, хлор көптеп шығарылудан, олардың 
қандағы 
деңгейі 
төмендейді. 
Осыдан 
бұлшықеттердің 
әлсіздігі, рефлекстердің азаюы, салданулар мен шала 
салданулар дамуы ықтимал. Гипокалиемияның нәтижесінде 
жүрек қызметінің бұзылыстары байқалады. Қанда азоттық 
заттардың мөлшері біртіндеп азаяды. Бұл кезде иммунитет 
төмендейді, 
организмнің 
микробтарға 
сезімталдығы 
көтеріледі. 
БЖЖ-нің 2-ші олигоанурия жән 3-ші полиурия сатыларында 
науқас адамдардың 43%-ындайы жан тапсырады. 
● 
сауығу сатысы.
Дұрыс емдеу шараларын қолданған 
жағдайларда тірі қалған науқас адамдарда сауығу сатысы
 
дамиды. Ол 6 айдан 2 жылға дейін созылады. Сонымен БЖЖ 
қайтымды үрдіс. 
Бүйрек кызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ).
БСЖ 
бүйрек 
нефрондарының 
біртіндеп 
тіршілігін 
жоғалтудан, олардың орнына дәнекер тіндердің өсіп-өнуінен 


657
дамиды. 
Этиологиясы. 
БСЖ-іне әкелетін себепкер ықпалдарға: 
● 
бүйректің 
созылмалы 
аурулары: 
созылмалы 
гломерулонефрит, 
пиелонефрит, 
бүйректің 
поликистозы, 
нефрослерозы, туберкулезі т.б.); 
● қан тамырларының атеросклерозы, гипертензиялық ауру
● қантты диабет, амилоидоз, подагра т.б. дерттер 
кездеріндегі зат алмасуларының бұзылыстары т.с.с. жатады. 
Патогенезі. 
Созылмалы дерттердің нәтижесінде бүйректе 
қызмет атқаратын нефрондардың азаюынан бүйрек қызметінің 
біртіндеп, қайтымсыз төмендеуі байқалады. Оның бұзылу 
дәрежесіне қарай БСЖ үш сатыға ажыратады. Әр сатысы А және 
Б кезеңдеріне бөлінеді. 
● бірінші 
жасырын
сатысының I А кезеңінде тыныштық 
жағдайда 
бүйрек 
қызметінің 
бұзылысы 
байқалмайды, 
креатининнің мөлшері әдеттегідей болады. Бірақ қою тамақ 
немесе сұйықтарды артық ішкізу арқылы бүйрек қызметінің 
пайдаланылмаған 
(резервтік) 
мүмкіншіліктерінің 
төмендегенін 
байқауға 
болады. 

Б 
кезеңінде 
қан 
плазмасындағы креатининнің деңгейі қалыпты мөлшерінің ең 
жоғары шыңында (80 мкмоль/л) болады. Нефрон шумақтары 
арқылы несептің сүзілуі қалыптыдан екі есеге (40-60 мл/мин 
дейін) төмендейді; 
● екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет