688
аяқшалары мембранасымен байланысатын жасуша мембранасы
аралығында синапстық саңылау (10-нан 50 нм дейін) болады.
Сипанстық саңылаудан кейінгі құрылымды постсинапстық
(түйіспе соңы) құрылым деп атайды.
- сурет. Түйіспе құрылымы
Организмде ағзаларды реттеу хабары жүйкелік серпіндер
(импульстер) өткізу арқылы беріледі. Бұл серпіндер бір
нейроннан
екіншісіне
нейромедиаторлардың
қатысуымен
таратылады. Нейромедиаторларға ацетилхолин, норадреналин,
дофамин, серотонин, глуматин қышқылы, аспарагин қышқылы,
гомоцистеин қышқылы, гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.
жатады. Олар қоздырғыш (глутамин, аспарагин, гомоцистеин
қышқылдары), тежегіш (гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.)
нейромедиаторлар
болып
бөлінеді.
Мида
осы
нейромедиаторларды
қабылдайтын
әртүрлі
қабылдагыштар
(рецепторлар) бар. Сонымен бірге нейрондарда көптеген
пептидтер өндіріледі. Бұл пептидтерге аденогипофиздің
гормондары, гипоталамуста өндірілетін либериндер мен
статиндерден басқа әртүрлі жүйке жасушаларында өндірілетін
шағын
пептидтер
(олигопептидтер)
(эндорфиндер
мен
энкефалиндер) жатады. Көрсетілген пептидтер реттеуші
пептидтер
деп
аталады.
Олар
жүйкелік
серпіндердің
өткізілуінде дәнекерлік (медиаторлық) міндет атқарады.
Сонымен бірге, олар басқа нейроме-диаторлардың әсерлеріне
ықпал етіп, синапстар арқылы жүйкелік серпіндердің өтуін
өзгертеді.
Нейрондардың бұзылыстары:
● олардың мембраналарының бұзылыстарымен
● аксондарының бұзылыстарымен
● дендриттерінің бұзылыстарымен
● түйіспелерінің бұзылыстарымен - көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: