684
әрекетерінің бұзылыстары байқалады. Өйткені көмірқышқылы
газына гематоэнцефалиялық тосқауыл бөгет бола алмайды.
Сондықтан
көмірқышқылы
газы
қанда
көбейгенде
мида
қоздырғыш аминқышқылдары (аспарагин, глутамин) азайып,
тежегіш аминқышқылдары (гамма-аминомай қышқылы, глицин)
көбейіп кетеді. Осыдан ми қызметінің тежелуі болады.
Шамалы газдық алкалоз денеде
бұрмаланған сезім және
бас ауыруы пайда болуына әкеледі. Ауыр газдық алкалоз (рН
7,52-7,65) болғанда және ол гипоксиямен қабаттасқанда мида
нүктелі қан құйылу,
тырыспа-селкілдек, кома дамиды. Адам
жан тапсырады.
Су мен электролиттер алмасуы бұзылыстарынан мидың
бүліністері.
Қанда электролиттердің өзгерістері де ми
қызметіне теріс әсер етеді.
Солардың ішінде, әсіресе
натрий иондарының қандағы мөлшері ми көлемін өзгертеді.
Қанда ол көбейгенде ми жасушаларының сусыздануы болады.
Осыдан қанда натрий иондарының деңгейі 150 мэкв/л-ден
артқанда
абыржу,
қызбалану,
сана-сезімнің
бұзылуы
байқалады. Ал ол 180 мэкв/л-ге дейін көбейгенде тырыспа-
селкілдек,
кома дамып, адамның өліміне әкеледі.
Қанда натрий азайғанда мидың ісінуі болып, бас сүйек
ішінде
қысым
көтеріледі.
Осыдан
ОЖЖ-де
қанайналым
бұзылады. Қанда натрийдің мөлшері 120-125 мэкв/л-ге дейін
төмендегенде жүйке жүйесі бұзылыстарының
әйгіленімдері
пайда болып, одан ары азайғанда тырыспа-селкілдек, кома
дамиды.
Қанда кальций иондарының өзгерістеріне қарамай, мида
оның деңгейі тұрақты 0,5-0,75 мМ/л
мөлшерінде ұсталып
тұрады.
Кальций
иондары
нейрондардың
мембранасын
тұрақтандырады, оның талғамды өткізгіштігін қадағалап,
қозымдылығына әсер етеді. Сонымен бірге, олар жүйкелік
медиаторлар
босап шығуына, бұл медиаторлардың түйіспе алды
құрылымдармен кері қамтылуына және аксондардың бойымен
тасымалдануына т.б. қатысады. Қанда Са
2+
1,5-1,75 мМ/л-ге
дейін азайғанда жүйке жүйесінің бұзылыстары болады.
Бұндай
жағдай
бүйрек
қызметінің
жеткіліксіздігінде,
гипопаратиреоз, Д-витамині тапшылығы кездерінде байқалады.
Шеткері жүйке жүйесінің бұзылыстарына бұрмаланған сезім
(парестезия) пайда болуы, қимылдық жүйкелердің қозымдылығы
көтерілуі жатады. Ал ОЖЖ бұзылыстарына қатты қызбалық,
психоздар, тырыспа-селкілдек, сандырақтау, тұнжырау, кейде
кома дамуы тән.
Гиперкальциемия (4,5 мМ/л-ден астам) сана-сезімнің
әлсіреуіне, кома дамуына әкеледі. Бұл кезде тырыспа-
селкілдек дамуы сирек байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: