246
Қашықтықтан оқытуда әр жаңа сабақ сайын өткен тақырып бойынша зерделеу жасап
отыру керек. Қайталау арқылы мұғалім алдыңғы білімде қай жерлерге көңіл бөлуін біледі.
Сонымен қоса,Youtube платформасында түсірілген сабақтар бар, кез келген уақытта оқушы
қарап қайталай алады. Бұл да білім саласына өзіндік пайдасын тигізіп отыр.
Оқушымен бірге ата-анасына да төзімділік, жауапкершілік, қолдау, еңбек қажет. Ата-ансы
баласының уақытымен сабақ орындауына, үйде қолайлы жағдай жасауы тиіс. Оқушылардың
мерейі үстем болсын деп, фото-аудио жауаптарын ата-аналарына да жіберіп отырсаңыз тіпті
қызығушылығы артады екен.
Қашықтықтан оқытудың да артықшылығы да сол, оқушы өзіндік жұмыстарды тиянақты
дұрыс орындауға тырысады. Алдымен, денсаулыққа қауіпсіз, ыңғайлы уақытта білім алады.
Қашықтықтан оқытуды күрделі құбылыс деп санамауымыз керек, қазіргі білім беру
ресурстарының болуы да мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Тек дұрыс материалды
таңдап, оқушымен байланысын жоғалтпау өте маңызды, үнемі мұғаліммен бірге екенін бала
сезіп отыруы маңызды.
Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте
жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалім мен оқушы әлемдік ақпаратпен байланысуға, білім
алуды онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік
ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады. Көп нәрсе баланың
ынтасына, талабына байланысты.
Сөзімді Чарльз Дарвиннің «Тірі қалатын адам ол- ең мықты, ең ақылды емес, жан-
жағында болып жатқан өзгерістерге тез жауап қайтаратын адам» деген мағыналы сөздерімен
аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: